Қорғаныс министрлігінде отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және 2018 жылғы мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуы мәселелері жөнінде кезекті бірлескен отырысы өткізілді.
Кеңеске ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов қатысты. Отырыста алдағы хаттамалық тапсырмалардың орындалуы қорытындыланды, келесі кезеңге бюджетті қалыптастыру мәселелерінде өзара іс-қимыл жасаудың өзекті мәселелерінің кең ауқымды тізбесі, отандық қорғаныс өнеркәсіпорындарының, оның ішінде, 2018 жылы ҚР ҚК-нің мұқтаждығы үшін қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді жүзеге асыру кезінде жекелеген келісімшарттардың орындалуы жөніндегі ағымдағы ахуал қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар алдағы кезеңге тапсырмаларды айқындады.