Қорғаныс министрі «ҮндҚазбат» бітімгершілік батальонының жауапкершілік аймағына барды

Қорғаныс министрі «ҮндҚазбат» бітімгершілік батальонының жауапкершілік аймағына барды

Ливан Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев қазақстандық бітімгершілік контингенті әскери қызметшілерінің күнделікті қызметімен және оның ротациялануы процесімен танысты.

Қазақстандық бітімгершілік рота орналасқан «ҮндҚазбат» батальонының жауапкершілік аймағына бару барысында ҚР Қорғаныс министрі  қазақстандық бітімгершілік контингенті әскери қызметшілерінің күнделікті қызметімен және оның ротациялануы процесімен танысты. Қазақстандық бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағына Ливанның халықаралық мойындатылған шекарасына сай келетін және шиеленіс тұстары айырылуының анағұрлым талан-таражға түсетін жолағы болып табылатын «Көгілдір шекара шебі» деп аталатын шығыс бөлігінің аумақтары кіреді.   «Бітімгершілік миссияны орындау мемлекеттік маңызы бар іс болып табылады.  Бұл әлемдік қауымдастық және БҰҰ алдында Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауы. Ливанға келген сәттеріңізден бастап жарты жыл өтті.  Бітімгершілік контингентінің ротациялану процесі жүруде. Алғашқы бітімгершілік рота өз міндеттерін лайықты орындап, құрметпен Отанына оралады. Бітімгершілердің жаңа контингенті осыған дейін болған жауынгерлер сияқты Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің мәртебесін жоғары көтеретініне сенімдімін. Сіздер Ливан жерінде біздің Отанымыз - Ұлы дала елі атынан әрекет ететініңізді естен шығармаңыздар. Сіздердің әрбір әрекеттеріңіз арқылы Қазақстан Республикасы бағаланатын болады», - деді ҚР Қорғаныс министрі бітімгершілердің алдында сөз сөйлеуі кезінде.

Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі миссияны орындау үшін Ливан Республикасына 120 әскери қызметші мен 3 штабтық офицерден құралған қазақстандық бітімгершілік рота жолданғанын айта кету қажет. Қазақстандық әскери қызметшілер 6 ай бойы өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындады, жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, атыстың тоқатылуының сақталуына бақылау жасау, азаматтық халыққа көмек көрсету бойынша функцияларды орындады, сондай-ақ миссия штабы өткізген барлық іс-шараларға қатысты.   Ливандағы БҰҰ миссиясының, сондай-ақ «ҮндҚазбат» батальонының қолбасшылығы қазақстандық бітімгершілердің дайындығына жоғары баға беруде. Сондай-ақ қазақстандық бітімгершілер өз ісінің кәсіпқойлары ғана емес, сонымен бірге, миссияны орындау кезінде жоғары жеке қасиеттерін көрсеткендері атап өтілді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи