Қазпошта атақты әскери барлаушыға арналған марка шығарды

«Қазпошта» АҚ атақты әскери барлаушы, фин және Ұлы Отан Соғысына қатысқан, белгілі қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменовтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Естелік және мерейтойлық күндер» сериялы пошталық марканың айналымға енгізілгенін хабарлайды.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, пошталық маркада соғыс ардагері, барлау офицері, ержүрек жауынгер, соғыстан кейін қызметін Шығыс Германияда жалғастырған Мөрәлі Шәменов бейнеленген. Барлау офицері, капитан Шәменов Балтық маңындағы және Белоруссия майдандарының 326 Атқыштар дивизиясының қорғаныс және шабуылды ұрыстарының қатысушысы болған, оның басшылығымен көптеген шолу операциялары мен жауынгерлік істері сәтті өткізілген.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін журналист, қоғам қайраткері, ауылшаруашылығының өндірісші маманы болған.

Әскери ерлігі мен еңбектегі қызметі үшін Мөрәлі Шәменов Ленин, Қазан төңкерісі, Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, Қызыл жұлдыз, «Құрмет белгісі» және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.

Пошталық марка офсеттік басылымда 2 бояумен 105 маркадан тұратын маркалық парақ түрінде шығарылған. Пошталық марканың номиналы - 50 теңге. Таралымы 2 млн дана. Суретші - Сергей Маршев. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылған.

Еске сала кетсек, «Қазпошта»  АҚ - пошталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"