Қазақстанның Қарулы Күштері дабыл бойынша көтерілді

Қазақстанның Қарулы Күштері дабыл бойынша көтерілді

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің бұйрығы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдері оқу белгісі бойынша кенеттен көтерілді.

Селекторлық кеңес режимінде өткізілген тапсырмаларды қою барысында «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бірқатар әскери бөлімдеріне Қазақстанның батыс өңіріне қайта топтасуға нұсқаулар берілді. Әскерлер құрамдастырылған тәсілмен – өздерінің жүрістерімен, теміржол көлігімен, әскери-көлік авиациясының ұшақтарында қозғалуды жүзеге асыруда. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына әскерлерді оқу-жаттығудың өткізілу ауданына шығару және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің келіп жатқан бөлімдері мен бөлімшелерін ескере отырып, топтама құру тапсырмасы жүктелді. Майдандық және шабуылдау авиациясы әуеайлақтарда, армиялық авиация далалық тікұшақ айлақтарында шоғырланды. Әскери-теңіз күштерінің топтамасы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің кемелері және катерлерімен күшейтілді. Бөлек шекара заставалары жалпыәскери бөлімшелермен күшейтілді. "Батыс-2018" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына басшылық ету Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевке жүктелді. Оқу-жаттығуда Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, Жедел операциялар күштерінің, арнайы әскерлерінің, материалдық-техникалық қамтамсыз ету бөлімдері мен мекемелерінің, ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайларының және Ұлттық ұланнан 5000-нан астам әскери қызметші тартылды.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства