Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі

Иә, мұқтаж жандарға қол ұшын созу, сүрінгенді сүйеу, жылағанды жұбату – қазақ халқының бойындағы ежелден қалыптасқан қасиет. Жоқты түгелдеген, әлсіздерге жәрдем берген адам өзінің адамгершілігін айғақтайды. Өзге жанның қайғысына ортақ болу арқылы өзінің алдағы өміріне басқаша бағытта қарай бастайды және құндылықтарын қайтадан зерделеп ұғады. Қайырымдылық – жүрекке нұр төгеді, өмірге мән береді.
Осы ретте, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына - 30 жыл толу мерейтойы қарсаңында Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлы Құрманғалиев жәрдем беруді қажет ететін мұқтаж жан, көп балалы ана Жанна Сағындықованың отбасына қол ұшын созып, бала-шағасына көмек беруді жөн санаған екен.

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» - демекші, дәл 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігінің мерекесі күні, жанына 06708 әскери бөлімінің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерін ертіп алған Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Құрманғалиев бірден азық-түлік дүкеніне жол тартты. Бар ойы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына – 30 жыл толу мерейтойы қарсаңында Приозерск қаласында тұратын көп балалы ананың отбасына азық-түлік пен отбасындағы бала-шағасына тәтті сусын алып, тұрып жатқан пәтеріне жеткізіп беру болатын.
Пәтер табалдырығын аттаған жомарт жандарды ардақты ана Жанна Сағындықова өзі күлімдеп қарсы алды. Алдымен, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Думан Құрманғалиев жанына ерген клуб тәрбиеленушілерімен бірге көп балалы ананы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, отбасына амандық-саулық тіледі. Әкелген азық-түлікті ардақты ана Жанна Сағындықоваға табыс етіп, тәтті сусындарын отбасындағы бала-шағасына үлестіріп берді.
Көп балалы ана Жанна Сағындықова дүниеге 5 ұл және 1 қызды әкеледі. Дәм-тұзы жараспаған отбасындағы күйеуімен ажырасып, бала-шағаны бір өзі асырауға кіріседі. Қаладағы дәмханалардың біріне жұмысқа тұрады. Тағдыр тауқыметінің басқа салғаны аздай, өткен жылы мектеп жасындағы бір ұлы мезгілсіз кенеттен қайтыс болады.
Ардақты ананы баспасөз хатшысы Д.Құрманғалиев сөзге тартқанда, көп балалы ана Жаннаның көзінен жас шығып кеткенін көзіміз шалды. Бәлкім, «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының мектеп жасындағы тәрбиеленушілерін көріп, қайғырған ана жүрек өмірден ерте кеткен ұлын еске алған болар, - деген ойда қалдық. Дегенмен де, бала-шағамды асыраймын деген құлшыныстағы, жігері жасымаған ардақты ана жақында Ақжол ұлының Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып, аман-есен жанұясына оралғанын қуаныш сезімде жеткізді. Қызы Ақерке Қарағанды қаласында жұмыс істеп жүр екен. Ал, Бейбарыс есімді баласы агротехникалық колледжінде дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алып жүр екен. Қолындағы Исламбек пен Бекарыс Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқиды. Білім ошағының 8 сыныбында білім алып жүрген Исламбек «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерімен бірге әскери-спорттық дайындықтарына қатысып, биылғы Республикалық «Айбын-2022» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысуға өз ниетін білдіріп жүр. Осының бәрі жалғыз басты, көп балалы ана Жанна Сағындықованың отбасындағы бала-шағасына дұрыс бағыт беріп, өнегелі тәрбие беруінің арқасы деп білеміз.
Біздің білуіміз бойынша қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу қажет емес. Ең бастысы - мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Көмекке мұқтаж көпбалалы жанұяға қол ұшын созып, көмектесуді қолға алған Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Құрманғалиев жақында ғана көп жылдан бері Приозерск қаласында тұрып келе жатқан тыл еңбегінің ардагері Степанчук Людмила Илларионовнаға қайырымдылық жасау мақсатында зор құрмет көрсетіп қайтқан болатын. Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Думан Жұмашұлы: «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындақта қалдырмайды», - деген еді. Өз басым, қайырымдылық жасау дегеніміз - өзіңдегі бар жақсылықты, бақытты өзгемен шынайы әрі риясыз көңілмен бөлісе алу деп ойлаймын. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Мұқтаж жандарға жүрек жылуын ұсыну - әрбір адамның азаматтық парызы деп білемін» - деп, ой түйді.
Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Ендеше, өзінің қызметтік міндетін атқара жүріп, жомарттық танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек беруде асқан белсенділік танытып жүрген, еліміздің Бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуда аянбай тер төгіп жүрген Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Құрманғалиев сияқты ер азаматтарымыздың қатары көбейе берсе, нұр үстіне нұр болатындығы сөзсіз!


Т. Кенжебеков
«Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының жетекшісі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"