ҚАЙСАР МІНЕЗДІ ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІ

Ауған соғысы Кеңес әскерінің 1979-1989 жылдар аралығындағы шет мемлекетте жүргізген соңғы соғысы. Ауғанстан жеріндегі сол соғыс іс-қимылдарының басы-қасында қазақстандық мыңдаған жалындаған жас жігіттер өздерінің әскери борыштарын атқарды.

Қай соғысты алсаң да, оның ел мен оның халқы үшін оңайға түспейтіні белгілі. Он жылдан аса жүргізілген ұрыс қимылдарының барысында көптеген боздақтар Ауған жерінде қаза тапты, жүздеген жауынгер жараланды, тіпті жоғалып кеткен жағдайлар да кездесті. Сол уақыттағы КСРО мемлекеті басшылығының Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстанға кіргізу жайында қаулы қабылдағанда не мақсат ұстанғанын тарих еншісіне қалдырайық, бірақ ол шешімінің негізі - алып империяның мүдделерін қорғау  болғандығы бұл күндері бәріне белгілі.

Сонымен қатар, тағдыр талқысымен жоғарыда аталған соғысқа қатысушы қазақстандық офицерлер мен солдаттар өздерінің Отан алдындағы борышын адал атқарды. Алғы буын жеңімпаз аталарына ұқсап, қызметтерін атқару кезінде қайсарлық пен ептілік танытты. Ұрыс жүргізген уақытта батырлығымен көзге түсті, соның нәтижесінде ерлігі еленіп, ордендер мен медальдармен марапатталды. Ең бастысы – міндеттерін абыроймен атқарып, туған елге аман-есен оралды. 

Сондай азаматтардың бірі – менің досым, замандас, жаны жайсаң азамат Теміржанов Қанат Жансапұлы. 

Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толғалы отыр. Материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының жүргізушісі қатардағы жауынгер Қ.Теміржанов сол іс-шараның басы-қасында болған, әскерилердің командирлердің қойған бұйрықтарын қалай орындау керектігін өз көзімен көргендердің қатарында. 

1985 жылдың күзінде Павлодар қаласындағы сол кездегі ДОСААФ жүргізушілер мектебін аяқтаған жас бозбала келер жылы көктемде ауған жерінде интернационалдық борышын өтеуге тура келетінін біліп пе екен? Ол 682-ші мотоатқыштар полкінің сапында атышулы Пандшер шатқалында орналасқан Руха елді мекенінде екі жыл мерзімді қызметін өткерді. Автокөлік және ұрыс техникасын жөндеу ротасы құрамында бірнеше рет жауынгерлік операцияларға қатысқан. «Адам өз табиғатында, басына қиындық түскенде, ер жігіттігің сыналар тұста, әсіресе соғыс жағдайында өмірдің мәнісін жақсы түсінеді екен. Патриоттық рух, Отанға деген сүйіспеншілік және ұрысқа бірге қатысқан жауынгер досыңа деген сенім мен құрмет секілді ұғымдарды сол кезде толық сезінесің», - деп толғаныспен еске алады өткен уақытты Қанат Жансапұлы.

Айтуынша, 1988 жылғы сәуірдің басында олардың полкін Баграм қаласының түбіндегі дивизияға шоғырландыру туралы 40-шы армияның қолбасшысы генерал Б.Громовтың бұйрығы келіп түсті. 1978 жылдың желтоқсанынан бері тұрақты орналасқан полкті көшіру оңай шаруа емес, сол себепті ол екі кезеңмен жүзеге асырылды. Оның үстіне полк пен дивизия орналасқан ара қашықтық 40 шақырымды құрайды. 

Дивизияға дейінгі лек жолы Анава, Карава, Гульбахор елді мекендері, Чарикар жасыл алқабы (жауынгерлер арасында «зеленка» аталады), сондай-ақ, «Тавах тұзағы» арқылы жүреді. Пандшер өзенінен өткеннен кейін, жол айрығы шатқалмен бірден биіктей түседі де келе жатқан жылдамдықты арттыру мүмкіндігі болмай қалады, сондықтан колонна ол арадан жай өтуге тырысады. Ал тау үстінен қарағанда «тұзақ», яғни аталған жер телімі алақандағыдай болып көрінеді. Қалыптасқан тиімді жағдайды пайдаланып, душмандар жағынан осы жерден өтетін біздің колонналар жиі атқыланатын. 

Әскерді шығарудың екінші кезеңінде «Тавах тұзағындағы» жолда қатты атыс болды. Душмандар алдыңғы машинаны жарып жіберді де, әскери және шаруашылық жүктері тиелген колоннаны атқылай бастады. Біздер дереу қорғаныс шараларына кірістік. Ондай сәттерде негізгі басымдық колоннадағы танк пен БТР-да болатындығы белгілі. Олар алдыңғы машинаны сырып тастап, атыса отырып қозғалысты одан әрі жалғастырды. Мен сақтық шараларын сақтай отырып, ЗИЛ-131 жүк машинасын тоқтатпастан жүргізе бердім. Бір сәтте каңғыған оқ дәл сол жақ құлағымның түбінен зу етіп өте шыққанын байқадым. Жарты сағатқа созылған айқаста жауға тойтарыс беріліп, қиын-қыстау уақытта жол таба білдік. 

Бұл оқиға қатардағы жауынгер Қ.Теміржанов қатысқан ұрыс операцияларының бірі болатын. «Батыр - бір оқтық» деген нақыл бар халықта, бір Алланың, содан соң ата-анамның тілегінің арқасында ажал оғынан аман қалған болатынмын», - деп еске алады сол шайқасты әңгімелесуші.

Қанат Жансапұлы әскерден кейін Целиноград қаласындағы ауылшаруашылық институтына оқуға түсті. Бейбіт өмірдегі мамандық иесі агроном болды. Басқа да ауған ардагерлері секілді тәуелсіз елдің өркендеуіне өз үлесін қосты. Отбасын құрды, жұбайы Нұрила екеуі үш бала тәрбиеледі. Қазіргі уақытта екі немере немере сүйіп, бақытты ата-әже болып отыр. 

Өзімен бірге қызмет өткерген қарулас достарымен, басқа жора-жолдастарымен қатынасты үзген емес. Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары Астана қалалық  қауымдастығының мүшесі. Аталған ұйымның бастамасымен қала мен облыс аумағында өткізілетін жастарға тәрбиелік мәні бар әртүрлі деңгейдегі кездесулерге тұрақты түрде қатысады. Мемлекеттің соғысқа қатысушы тұлға  ретінде көрсеткен қолдауының арқасында қала шетінен жер алды. Ағайын, доспен бірлесіп бала-шағаға арнап жекеменшік үй салды. 

Жастық шағының екі жылын туған елден, ағайыннан алыста от пен оқтың арасында өткізген, кейінірек маман ретінде еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекет болып танылу кезеңіндегі қиын кездерді басынан өткерген, бірақ олардың ешқайсысына да мойымаған менің досым осындай!

Қазіргі өсіп келе жатқан өскелең жас ұрпақ Қанат ағаларына ұқсап, олардың атқарған істерінен үлгі алса ғой дейсің! Өйткені, Қ.Теміржанов сияқты азаматтардың ұлттық рухты көтеруде, жастарды патриоттық, отансүйгіштік сезімде тәрбиелеуде, қиындыққа төзе білу, оған душар болған жағдайда қайсарлық танытуда, жау келсе елін қорғауға әрдайым дайын тұруда беретіні мол.

Бақберген Дүйсенбайұлы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"