Семей гарнизонының 44793 әскери бөлімі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет мүшелері «Отанымыздың алтын діңгегі – отбасы» тақырыбында тренинг өткізді.
Онлайн жүйесінде ұйымдастырылған психологиялық тренингті әскери қызметшілердің отбасы жұмысы бөлімінің құқықтық және психологиялық секторы өткізді. Ефрейтор Индира Мұқанова әскери қызметшілердің жанұяларының хал-ахуалын білді. Карантин кезінде психологиялық жағдайды сақтау әскери ұжымда қаншалықты қажет болса, әскери қызметшінің отбасында да соншалықты маңызды екенін де айтып өтті. Онлайн-тренинг отбасылық құндылықтарды қастерлеу, әскери қызметшілердің отбасымен қарым-қатынасын барынша нығайту мақсатында ұйымдастырылды.