Оралдағы "Зенит" зауыты "KADEX-2016" көрмесіне кемелер жобасын ұсынады

Бүгінде әлемнің әскери техника өндіруші компанияларының басын қосатын «KADEX-2016» көрмесіне дайындық қызу жүріп жатыр. Осыған дейін аталмыш іс-шарадан тысқары қалмаған еліміздің іргелі «Қазақстан инжиниринг» акционерлік қоғамы биыл да отандық өнімдерді ұсынуда көш ілгері тұр.

  «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ – еліміздің ірі әскери кәсіпорындарында бірыңғай қаржылық, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз ететін үлкен холдингтік құрылым. Көптен бері әскери аренада тәжірибе жинақтаған оның еншілес кәсіпорындары жыл сайын қорғаныстық өндірістік кешендердің қатарын толықтырып келеді. Еліміздің күштік құрылымдарын отандық өніммен қамтамасыз етіп келе жатқан өндіріс орындары ендігісін «KADEХ-2016» халықаралық қару-жарақтар көрмесінде тікұшақтар, ұшу тренажерлері, электрондық-оптикалық аспаптар, көзтартарлық үлгі ЕС-145 ұшу тренажеры, авиониканы, броньды техниканы жаңғырту сияқты перспективалық жобаларды және тағы басқа өнімдерді ұсынуды жөн санауда. Оларды өндеумен «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС кәсіпорны, «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС, «Семей инжиниринг», «Тыныс», «Петропавл ауыр машина жасау зауыты», «ҚИ 811- автожөндеу зауыты» акционерлік қоғамдары және тағы басқа бірнеше еншілес кәсіпорындары айналысады.

«Жалпы «KADEX» көрмесін алғашқы ұйымдастырған уақыттан бастап, ұйымдастыру шараларына ерекше белсенділікпен қатысып жүрген қазақстандық ұйым –  «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы. Бұл компания көрмені ұйымдастырушылардың бірі ретінде мол тәжірибе жинақтады. Көрмені өткізу барысында отандық кәсіпорындардың мүм­кіндіктері мен келешегін, олар­дың Қазақстан Қарулы Күш­тері, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардың сұранысына сәй­кес дамуы сарапталады.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған шараға компанияның еншілес кәсіпорындары белсенді қатысуы жоспарланған. Еліміздің әр өңірінде орналасқан зауыттарымыз қазірдің өзінде өз өнімдерін, өз жобаларын пысықтап, ұсынуда. «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ АҚ және еншілес ұйымдары «KADEX-2016» көрмесіне қатыса отырып отандық әскери-техникалық өндірістің одан әрі дамуына зор үлес қосады деп білемін», - дейді «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Айгүл Сұлтанова.

Компания маманы айтып кеткендей, көрмеге қатысатын «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорындары қазір қызу дайындықта. Солардың бірі  – Оралдағы «Зенит» зауыты.

Оның іргетасы 1941 жылы қоршаудағы Ленинград қаласынан көшірілген «Двигатель» зауыты негізінде қаланған. Соғыс жылдары қорғаныстық мақсаттағы өнімдерді шығарған зауыт Қазақстанда бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталғаны бар. Кейін КСРО-ға К.Ворошилов атындағы машина жасау зауыты ретінде танылған ол қазіргі атауын 1991 жылы иеленді.

 «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Зенит» зауыты еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа сәйкес ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін кемелер мен катерлер шығарып келеді. Сондай-ақ, мұнайгаз және басқа салалар үшін арнайы техникаларды және өзге де өнімдер жөнелтеді.

Аталмыш кәсіпорын күні бүгінге дейін 240 тоннаға дейін су ығыстырғыш катерлер мен кемелердің сериялық өндірісін игеріп, ҚР ҰҚК ШҚ үшін 100М «Сұңқар-М» жобасының 4 катері, 0200М «Бүркіт-М» жобасының 7 катері, 0300 «Барс» жобасының 4 катері, FC19 жобасының 4 шапшаң жүретін патрульдік катері, 0210 «Айбар» жобасындағы шапшаң жүретін патрульдік катерінің басты нұсқасы және тағы басқа да зауыттық кемелерді жасап, шығарды. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен, әскери-теңіз күштеріне арналған 250 «Барс-МО» («Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа») жобаларының 3 ракеталы-артиллериялық кемесі де суға жіберілді. Биыл естеріңізде болса, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін кәсіпорын 600 тоннаға дейінгі салмақтағы кемелерді шығаруға қолға алды.

«Өткенде ғана «Сарбаз» кемесін суға түсірдік. Одан өзге, «Каспий теңізі – 2016» теңіз биатлонына қатысатын «Орал» зымыран-артиллериялық кораблін біздің зауыт жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған зауытымыздағы 1000-аса мамандар тер төгіп жатыр. Қазір Қазақстанда кемелер мен катерлер шығаратын біздің кәсіпорынды білмейтіндер жоқ. Өздеріңіз білесіздер, біз бүгінде көп атқарымдық кемелерді,  су үстінде өздігінен жүретін зертханаларын, сүйреу кемелерін, келешекте вахталық ауысымы бар, іздестіру-құтқару, сонымен қоса, техникалық флоттың басқа да қосымша кемелерін шығаруды көздеп отырмыз», -дейді зауыт жайында қызметкер Асылзада Хамитқызы.

Сонымен бірге, алдағы маусым айының 2-5 күндері Астанада өтетін  «KADEX-2016» халықаралық көрмесіне жылдағыдай атсалысатынын білдірді.

– Біз бұл көрмеге 2010 жылдан бері қатысып келеміз. Қазір төртінші мәрте ұйымдастырғалы отырған ауқымды шараға ұсынатын өнімдеріміз белгілі. Атап айтсақ,  біздің зауыт кемелер мен катерлердің «Барс-300», «Бүркіт-200, «Сұңқар» және «FC-19» жобасы үлгілерін дайындап қойды. Осы және тағы басқа да өнімдеріміздің жобасын сіздер көрме павильонынан көре аласыздар. Кеме жасау, кеменің жобасымен айналысу – ауқымды іс. Біздің осы еңбектеріміз көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамыз», - дейді ол.

Иә, уақыт таянған сайын халықаралық көрмеге отандық өнімдерін ұсынуды ниет еткен кәсіпорын қатары көбейіп келеді. Өйткені, бұл мемлекет­ара­лық серік­тес­тікті нығайту мақсатында және зияткерлікті, әскери өндірісті, техниканы және технологияны танытуға бірден-бір берер мүмкіндік.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"