Оқушылар әскер өмірімен танысты

Оқушылар әскер өмірімен танысты

Еліміз Қарулы Күштерінің имиджін барынша арттыру, әскери мамандықты көпшілікке танымал ету және Отанымыздың жаңа патриоттарын тәрбиелеу мақсатында Астана қаласы төңірегіндегі Ақмол ауылында орналасқан 44813 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Қорғалжын аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен далалық-оқу жиынына 7 орта мектептің оқушылары қатысты. Яғни 25 оқушы, 7 алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары мен Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің инспекторы 44813 әскери бөлімі, Ақмол ауылымен танысып, саяхат жасап қайтты. Сонымен қатар ашық есік күніне Ақмол ауылындағы №5 орта мектебінің «Қаһарман» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері де келді. Олар әскери техниканы, мерзімді әскери қызметшілер мен оқушылар арасындағы әскерилендірілген эстафетаны тамашалады. Жалпыәскери қорғаныс жиынтығын киюден, АК-74 қаруын бұзып, тез арада жинаудан жарысты. «Мұнда Отан қорғаушыларды, нағыз әскерилерді дайындайтын жер екен. Бұл жерде оқуға арналған барлық жағдай жасалған. Біз Сіздерге балаларымызды аманат етіп, сеніп тапсырамыз. Барша ата-аналардың атынан Сіздерге үкілеген үміт артып отырмыз және бөлімде болуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті білім бөлімінің әдіскері Мұсай Орынберген.  Іс-шара қорытындысы бойынша мерзімді қызмет сарбаздары мен «Қаһарман» әскери-патриоттық үйірмесіне қатысушылар мақтау грамоталарымен марапатталды.

 

                                                                          Майор Нұржан Сыздықов


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"