Өзара сенімді нығайту мәселелері қаралды

Өзара сенімді нығайту мәселелері қаралды

Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары бойынша кеңестің әскери-саяси өлшеміндегі ынтымақтастықты дамыту мен нығайту жөніндегі практикалық жұмыстың басталуы туралы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын іске асыру шеңберінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қорғаныс министрлігі АӨІСШ құрылуының 26 жылдығына арналған халықаралық семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – АӨІСШ әскери-саяси өлшемінде сенім шараларын іске асыру. Айтулы жиын ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың жетекшілік етуімен өтті. Іс-шараға Катар, Палестинаның Төтенше және өкілетті елшілері, 20-дан мүше-мемлекеттің әскери ведомстволарының өкілдері және АӨІСШ бақылаушы елдері, ҚР Қорғаныс және сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, АӨІСШ хатшылығы, Қазақстанда аккредиттелген қорғаныс мәселелері бойынша әскери атташелер, сондай-ақ «Астана ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі», «Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірлік терроризмге қарсы құрылымы», «Орта-Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы» қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға АӨІСШ дамыту тарихы, Қазақстан Республикасының қару-жарақты бақылау және АӨІСШ әскери-саяси өлшеміндегі сенім шаралары аясындағы халықаралық шарттар мен келісімдерді іске асыру жөнінде бірқатар презентациялар ұсынылды. АӨІСШ әскери-саяси өлшемінің іс-шараларын орындау шеңберінде қатысушылар үшін 68665 әскери бөліміне бару ұйымдастырылды. Онда олар әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Семинар достастық, іскерлік және сындарлы жағдайда өткенін айта кетейік. Өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде сенімді пікір алмасу болды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства