Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды.
Сапар аясында ҚР Қорғаныс министрлігінің басшысы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.
ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы 24 шілдеде Бішкекке келді.
Сөз кезегінде еліміздің Қорғаныс ведомство басшысы Қырғыз республикасының Президентіне жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін баса айтып өтті.
Мұнымен қоса, Бішкектегі жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Қырғыз Республикасы Бас штабының бастығы генерал-майор Райымберди Дуйшенбиевпен ресми кездесу өткізді. Тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелерін және оны дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.
Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориалға барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.