Ливанда Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді

Ливанда Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың қатысуымен Ливанда ҚР Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.

ҚР Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет бітімгершілік контингент Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның миссиясына қатысуда. Үнділік серіктестермен бірлесе бітімгершілік ротаның үйлесуі шеңберінде қажетті дайындық жұмысы жүргізілді.

«Мемлекеттік тудың көтерілуі – бұл еліміз үшін тарихи оқиға. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасын тұрақсыз мүше ретінде етіп сайлау кезінде Елбасы Н.Назарбаевтың саяси үндеуінде бітімгершілік қызметтті кеңейту және қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ-ның миссиясына қатысуы туралы Қазақстанның ниеті айтылды. Менің ойымша, біз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындадық. Бүгінгі таңда бітімгершілеріміз өздерінің міндеттерін орындауға келді және кірісіп те кетті», - деді генерал-лейтенант Т. Мұхтаров.

Ағымдағы жылғы қазан айының соңында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына «Индбат» үнді батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік полктің құрама бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі жолданғанын естеріңізге сала кетейік. Бөлімшенің БҰҰ-ның миссиясына қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосатынын, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстанның беделін нығайта түсетінін айта кетейік.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства