Курсанттар әскери дайындық деңгейлерін арттыруда

Курсанттар әскери дайындық деңгейлерін арттыруда

10 күн бойы Құрлық әскерлері Әскери институтының 4-курс курсанттары оқу-жаттығу орталығының базасында далалық тактикалық-арнайы сабақтар барысында алған білімдерін пысықтайды.

Оқу-жаттығу орталығындағы сабақтар оқып-үйренушілердің тактикалық, атыс және әдістемелік дағдыларын арттыру, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізу кезінде олардың шеберліктерін жетілдіру мақсатында өткізіледі. Далалық жорық кезінде «командалық-тактикалық инженерлік әскерлері» мамандығы бойынша білім алып жүрген курсанттар далалық жағдайларда бетонды, темір бетонды, ағаш және өзге де конструкцияларды есептеу мен қопару бойынша мәселелерді іс жүзінде пысықтайды. Танк әскерлерінің болашақ офицерлері танктердің атыс қаруынан оқу атыстарының жаттығуларын орындайды. Өз кезегінде, десантшы курсанттар мен мотоатқыштар ЖӘЖМ-2, БТР-80 қару-жарағынан бақылау атыстарының жаттығуларын пысықтайды. Зымыран әскерлері мен артиллерияның мамандары артиллериялық және атыс қаруынан жауынгерлік оқ атуларды орындайды. Курсанттардың практикалық сабақтары – бұл курсанттарға іс жүзінде әскери техника мен қару-жарақты қолдануға, алған білімдері мен шеберліктерін көрсетуге, сондай-ақ өздерінің әдістемелік шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік беретін оқытудың ең маңызды кезеңі болып табылады



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи