EXPO-2017: Күн астындағы көркем қала

EXPO-2017: Күн астындағы көркем қала

Астанада ертең ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі басталады. Оған әлемнің 150 елінен шамамен 2 миллионға жуық мейман келеді деп күтілуде. Осыған орай, қала басшылығы шетелдік және Қазақстанның өзге өңірлерінен келетін қонақтарды қарсы алу үшін елорда әсемдігін көркейтуге барынша күш салды.

Астана аумағында ЭКСПО деп аталатын қалашық пайда болды. Оның ішінде 40 тұрғын үй, еліміз бойынша ең ірі ойын-сауық және сауда кешені салынды. Әсіресе күн нұрымен шағылысқан үлкен шар түріндегі қазақстандық павильонның ғимараты ерекше әсем көрінеді.

Еліміздің шар түріндегі павильоны ЭКСПО-2017 көрмесінің басты символына айналады. Оның диаметрі – 80 метр, биіктігі – 100 метр.

ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі орталықтарының бірі Энергия Холы болады. Холл – көпфункционалды кешен. Онда қазіргі заманғы хореография қойылымдары, эксперименталды театр, кинокөрсетілімдер өткізіледі. Дәл осында көрменің ресми қатысушыларымен арнайы шаралар болады. Оның сыйымдылығы – 1 000 адам.

Конгресс-Орталықтың маңызы өте зор. Мұнда іскерлік және ғылыми жобалар ұсынылады. Ол сонымен қатар қойылымдық шоулар, концерттер мен ресми шаралар өткізуге лайықталып отыр.

Әрине, ЭКСПО  қалада жаңадан бой көтерген жалғыз кешен емес. Бірнеше жылдың ішінде Астанада жаңа әуежай терминалы мен теміржол вокзал бой көтерді. Сөз жоқ, бұлар – елорданың мақтанышына айналатын ғимараттар.

Астана қаласының Халықаралық әуежайында енді VIP және жолаушылар терминалы пайда болды. Жолаушылар терминалының аумағы 47 мың шаршы метрді құрайды. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл «ашық аспан» режимі енгізілгендіктен, әуежай жолаушылардың бұдан да көп қабылдауға дайын. Жаңа терминал жүкті тексерістен өткізудің жаңа жүйесімен жабдықталып отыр. Әуежайда ашылған жаңа терминалдың өткізу мүмкіндігі – жылына 5 миллион адам. Ескі терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 миллион адам екенін ескерсек, жаңа терминалдың ашылуымен Астана әуежайы жылына 8 миллион адамды қабылдауға дайын.

Ғимаратта 16 кіреберістен адамдарды тексерістен өткізетін құрылғылар, «ақылды» жүйемен басқарылатын 510 камера орнатылған. Қазақстанда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында booking.com және Airbnb сынды атақты әлемдік жүйелермен синхрондалған torlet.com арнайы сайты іске қосылды. Жаңа порталдың ерекшелігі – пәтерлерді жалға беру туралы жалған ақпарат жоқ. Онда орналастырылған суреттер де шындыққа жанасады әрі жалдау ақысы да қолжетімді. Сонымен бірге жалға алынған пәтер torlet.com сайтында көрсетілмейді. Яғни сайт тек бос тұрған пәтерлерді ғана көрсетеді. Тұтынушы пәтерді орналасқан ауданы мен жайлылығына байланысты өзі таңдайды. Таңдау жасалған соң жалға берушіге мәлімет беріледі. Сонда басқа риэлторлар өз қызметін ұсынып азаматтарды мазаламайтын болады. Пәтерлерді жалға беру туралы барлық жарнамалардың растығы тексеріліп, жалған жарнамалар бұғатталады немесе біржола өшіріледі. Туристерге қонатын жай ғана емес, тамақтанатын орындар да қажет. Әкімдік мәліметтері бойынша, 2 миллион туристі тамақтандыру үшін қаладағы барлық мейрамханалар мен дәмханаларда кемінде 110 мың орын болу қажет. Қазіргі таңда Астанада 850 тамақтану орны бар. Олар 116 мың адамға қызмет көрсете алады. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, елордада ЭКСПО кезінде азық-түлік тұтыну 20-30 процентке артып, 160 мың тоннаны құрамақ.

Миллиондаған мейман күтіп отырған жас Астана безендіруге де үлкен маңыз берді. Жел тұрса, айнала жөнелетін пропеллерлер орнатылып, қаланы жайнатып жіберді. Айтулы шара қарсаңында елорда көшелеріне ұялы телефон қуаттайтын бағаналар мен орындықтар орнатылды. «Астана» концерт залының алдындағы алаңға, «Нұржол» желекжолына қойылған ұялы телефон қуаттайтын автономды бағаналар мен орындықтар күн батареялары арқылы қуат жинауға негізделген және энергиялық тиімділігімен ерекшеленеді. Астана жолдары да қалпына келтірілді. Елорданың ең ірі жолдарында автобустарға арналған Bus Lane жолақтар пайда болды. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП