Халықаралық көрмені өткізу мәселелері қаралды

Халықаралық көрмені өткізу мәселелері қаралды

6 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен күні ертең салтанатты жағдайға ашылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Оған Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов, Бас прокурор Ж.Асанов, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы А.Күреңбеков, Қорғаныс министрі С.Жасұзақов, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжанов, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Есімов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіш қатысты.

Басқосуда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің жалпы тәртібі және оны өткізу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы алдағы іс-шараны дайындау және оны сапалы өткізу үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.    

– Біз көңіл толқытарлық сәтке – көрменің ашылуына таяп қалдық. Қазақстанның астанасына келетін қонақтар саны көп болады. Бүгінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне 1,2 миллион билет сатылған екен. Бұл – біз күткендегіден әлдеқайда көп, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі жағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, көрмені өткізу кезінде қонақтар мен ел азаматтарының қауіпсіздігін Астанада ғана емес, барлық өңірімізде де жоғары деңгейде қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Бұл үшін әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі.   

Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.  


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП