Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар, Қарулы Күштердің қызметкерлері!

Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар, Қарулы Күштердің қызметкерлері!

Сіздерді ұлттық мейрам - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл айтулы күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда 27 жыл атап өтілуде және мемлекетіміздің егемендігінің нышаны болып есептелінеді.

Егеменді Қазақстанның жетістіктерін қорғауда Қарулы Күштер маңызды орынға ие.

Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұтқыр және жауынгерлік қабілетті армия құрды.

Қазіргі заманғы техника мен қару-жарақ, кәсіби тұрғыдан дайындалған әскери қызметшілер, патриотизм мен әскери борышқа деген адалдық тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштері қуатының маңызды ажырамас бөлігіне айналды.

Бүгінде Қарулы Күштері республикамыздың егемендігі мен тыныштығын сақтап, миллиондаған қазақстандықтардың бейбіт заманда еңбек етуін қамтамасыз етуде және тәуелсіздіктің берік қалқаны болып табылады.

Отан қорғаушылар алдағы уақытта да жауынгерлік әзірліктерін арттырып, Отанымыздың игілігі үшін машықтары мен кәсібиліктерін жетілдіретіндеріне нық сенімдімін.

Баршаларыңызға зор денсаулық, бақыт, бақ-береке, егеменді Қазақстанның игілігі үшін қызмет пен еңбекте сәттілік тілеймін!

 

ҚР Қорғаныс министрі

Н.Б.Ермекбаев


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги Вооруженных Сил РК в 2018 году

Итоги Вооруженных Сил РК в 2018 году