Жасыл белдеу жанға – сая, денге – пайда

Жасыл белдеу жанға – сая, денге – пайда

Экология тақырыбындағы кезекті жазбамызды Астананың «Жасыл белдеуіне» арнағанды жөн көрдік. Өйткені, ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, біздің ұрпағымыз үшін жасалып отырған мәңгілік мұра. Елорданың жасыл белдеуінің жалпы көлемі 14 827 гектар болса, оның ішінде 11 502 гектары орман алқабы болып саналады. Қазіргі таңда аталған аймақта 9,6 миллион ағаш пен 1,8 миллионға жуық бұталар өсіп-жетілуде.

«Жыл сайын мен елорданың аумағында орман шаруашылығын дамыту бойынша тапсырманың қаншалықты орындалып жатқанын тексеріп, қараймын... Алдымен ағаштардың түрлі сұрыптағы жиынтығы, орманның ортасына қарағай, шырша, аққайың секілді ағаштар отырғызылады. Әрі қарай орман өзі гүлдеп-өніп, ағаштар мен жасыл-көк көбейеді. Бурабай орманына жасыл белдеудің қосылуы толығымен дерлік жүзеге асты. Қазір біздің басты міндетіміз – орманды қайта түлету. Бүгінде қала маңындағы 80 мыңға жуық гектар жерге ағаш отырғызылды. 2020 жылға дейін оның аумағы 100 мың гектарға жетеді»,- деген Президент.
Жалпы, 2020 жылға дейін «Жасыл белдеуде» үш негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізу жоспарланған. Оның алғашқысы – жасыл белдеуді дамыту, яғни орман кеңістігінде егу жұмыстарын жалғастыру болып отыр. Мәселен, елорданың жасыл белдеуінің 1 589,2 гектар аумағына 2,1 млн ағаш көшеттері отырғызылды. Алдағы 2018 және 2030 жылдар аралығында 5730 гектар жерге ағаш отырғызылмақ.
Екінші бағыт – қала аумағында 29 676 гектарға дейін бос жерлерде орман алқаптарын жасау. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында үздіксіз көгалдандыру үшін қосымша 14 849 гектар бос жер бөлінген. Үшінші бағыт – халықтың жаппай демалуы үшін жағымды рекреациялық жағдайларды құру керек болып отыр. Осы мәселені шешу үшін өткен жылы жасыл белдеу аумағында жалпы ұзындығы 23 шақырымды құрайтын асфальтталған велосипед жолдары салынды.
«Жиырма бес жыл ішінде орманның аумағы кеңейді. Бұл жерде 20 шақырымдық велосипед жолдары, демалыс орындары бар. Ең бастысы, бұл орман біздің таза ауамен тыныстауға мүмкіндік беретін ордамыздың «өкпесі». Бұл орман – біздің ұрпағымыз үшін жасалып отырған сый, мәңгілік мұра. Астана қаласының тек іші ғана әдемі емес, сондай-ақ, шаһар айналасы мен сырты да сұлу келбетті. Қалада 15 мың ағаш отырғызылды, жаңа ботаникалық саябақ, көптеген алаңдар пайда болады. Халық ағаштар мен теректерді сындырмай, жасыл шөпті жұлмай, табиғатты, орманды аялап, сақтап қалу керек, түрлі апаттар мен өрттен қорғап қалуы тиіс»,- деді Н.Назарбаев.
Елбасы елорда тұрғындарын үнемі Астананың «жасыл белдеуі» аумағын кеңейтуге үлес қосуға шақырады. Президенттің Астананың айналасын орманға айналдыру мәселесін басты назарда ұстауы тегін емес. Оның ең бірінші себебі елорданың экологиялық жағдайын жақсарту болса, екіншісі – адамдар тынығатын аймақ жасау.
Адуынды ақын Махамбет Өтемісұлының мынадай өлеңі бар:
«Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім!» Құдайға шүкір, бүгінде Есілдің бойына ен тоғай да, ел де бар. Күні кеше шаһар басшылығы соңғы бес жылда елорданың «жасыл белдеуінде» 2 млн түп көшет отырғызылғанын хабарлады. Ал 2019-2030 жылдар аралығында Астананың «жасыл белдеуінде» 3,6 млн түп ағаш отырғызылады екен. Соңғы бес жылда жасыл белдеу аймағында 1 589,2 гектар аумақта 2 127 660  ағаш отырғызылды. Оның 51 пайызы – қылқан жапырақты (шырша, қарағай) және 49 пайызы – жапырақты (емен, шегіршін, жиде) сұрыпты өсімдіктер.
Әкімдіктің мәліметінше, алдағы жылы отырғызылатын өсімдіктер тізімі жасақталып қойғаны. Атап айтқанда, 207 464 түп бұтаның 51 196-ы қылқан жапырақты болса, 156 268 жапырақты болып табылады. «Осы жылы «Жасыл белдеудің» «Оңтүстік-батыс бөлімі» және «Талдыкөл жинақтауы» аумақтарында орманды қалыптастырушы ағаш сұрыптарын отырғызу арқылы «Өсімдіктер реконструкция және екінші қабылдаудағы орман мәдениетін қалыптастыру» жобасының 1, 2 кезеңі игерілді. Сондай-ақ, аталған жобаның 2 және 3 кезеңдерін «Әуежай, 1 кезеңін» игеру жұмыстары жүргізілуде»,- делінген Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы таратқан хабарламада.
Сонымен бірге қала ішінде 452 гектар көпжылдық шөптер отырғызылған. Алдағы уақытта, 2019-дан 2030 жылдар аралығында жобаның 4, 5, 6 кезеңіне сәйкес қолданыстағы 7 556 гектар жердің 2 332 гектар аумағына 3,6 млн түп бұта ағаш отырғызу көзделген. Сондай-ақ, 1 650 гектар аумақта көпжылдық шөптер отырғызылып, биотоптама жасалды.
Жасыл белдеуді қолдауға арналған шаралар да аз емес. Айталық, жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Астананың жасыл белдеуі» атты экологиялық шарасы болып өткен болатын. Бас шаһардың жасыл белдеуінің рекреациялық әлеуетін дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойына Қазақстанның табиғи байлықтарына ұқыпты қарау дағдысын сіңіру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы басқосуда Ассамблея төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай сөз сөйлеп, елордамыздың күн сайын көркейіп келе жатқанын, осы маңызды істе Елбасымыздың «Жасыл белдеу» бастамасы өте құнды болып табылатынына әңгімеледі. «Жасыл белдеу қала тұрғындары мен қонақтарының жанына сая, денсаулықтарына пайдалы. Президенттің осы бірегей бастамасы Астана жұртшылығының ғана емес, болашақ ұрпақтың да бағасы биік мұрасы болып қалатыны сөзсіз» деді ол.
Расымен, бұл кейінгі ұрпақ үшін үлкен мұра. Осындай қолдан егілген орман ТМД елдерінің ешқайсысында жоқ. Бұл – бірегей қазақстандық жоба.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства