Жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді


Көкшетауда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайын көшесінің бойына орналасқан алты қабатты «Эстет» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2017 жылы басталған. Жобаның жалпы құны - 785 миллион теңге. Құрылыс жұмыстарын «Эстет Строй» серіктестігі жүргізді. Баспаналы болғандар – негізінен «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар.

Жаңа тұрғын үйдің пәтер кілтін тапсыру рәсіміне аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, шаңырақ иелерін қуаныштарымен құттықтады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында халықты баспанамен қамту мәселесі басты орын алады. Бүгін сол «7-20-25» бағдарламасының біздің өңірде де ойдағыдай жүзеге асырылып жатқаны қуантады. Ақмола облысы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру көрсеткіші бойынша республикада 5-ші орында тұр. Алдағы уақытта да бұл міндеттер жүзеге асырылып, үй кезегінде тұрған халық баспанаға қол жеткізетін болады. Бүгінгі қуаныштарыңыз қуанышқа ұласа берсін», - дей келе, аймақ басшысы бір топ қала тұрғынына жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Айта кетейік, 2018 жылдың 4 шілдесінен бастап қолға алынған «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы ақмолалықтардың қызығушылығын арттырып отыр. Бүгінгі күнге дейін  Ақмола облысы бойынша 1,98 миллиард теңге сомасында 222 өтініш түскен. Қазіргі күні 1,5 миллиард теңгенің 171 несиесі мақұлданған.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства