Жігері тасыған жас зеңбірекшілер

Бүкіл адамзат мекендеген Жер бетін шарпыған короновирус індетінің таралуы кесірінен, біздің елдегі Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашық өткізу түрі бірден онлайн-форматына көшкендігі баршаға аян. Енді міне, биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Спасск» оқу орталығында VIII Республикалық «Айбын-2022» әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді деген хабарды естіп, алғашқы болып қуанғандардың бірі -  «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімі «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері болатын.
    Дәл қазіргі таңда, клуб тәрбиеленушілері жиын басталуының уақыты жақындаған сайын, өздерінің күнделікті дайындық барыстарын арттыру үстінде десек те болады.

VIII Республикалық «Айбын-2022» әскери-патриоттық жастар жиынының жалауын көтеру 2022 жылғы маусым айының соңғы онкүндігіне белгіленді. Аталған жастар жиынына «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубы 2018 жылдан бері қатысып келеді. Құрама капитаны Назгүл Байназар бастаған клуб құрамындағы 10 ұл және 5 қыз күн сайын дайындықтан қол үзбей келеді. Әсіресе, АК-74 бөлшектеу және жинақтаудың «АК-74 толық емес бөлшектеу» нормативін орындау кезіндегі клуб тәрбиеленушілері Ж.Төлеген, Н.Байназар және Ж.Қасымбек алдарына жан салмай келеді. Ер жігіттерге сай белтемірге тартылудан тәрбиеленуші Абзал Утемурадов алда келеді. Ал, қыздар арасындағы шалқалап жатып денені көтеруден Жұлдыз Қасымбек, Диана Мусатаева және Толғанай Таткен көрсеткен нәтижелері көңіл қуантады.

«Көрінген таудың алыстығы жоқ» - демекші, күн өткен сайын VIII Республикалық «Айбын-2022» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы күні де жақындап келеді.
Ендеше, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдары әскери-патриоттық клубтарының тобы арасында сайысқа қатысатын «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне сәттілік тілейміз!


Балауса Ерғалиева
«Жас сарбаз – жас тілшілері» байқауына қатысушы
«Жас зеңбірекші»
әскери-патриоттық клубы

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"