Ерлік ешуақытта ұмытылмайды

Ерлік ешуақытта ұмытылмайды


ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылуының 30 жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде.

Мәселен, Атырауда «Батыс» ӨңҚ әскери қызметшілерінің соғыс ардагерлерімен кездесуі болды. Іс-шара қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған үнсіздіктен басталды. Кездесу барысында интернационал жауынгерлер запастағы подполковник Мұхамеджан Тоқманбетов пен запастағы майор Қамалбек Бектілеуов 10 жылдық қантөгіс соғыс туралы естеліктерімен, сондай-ақ жауынгерлік жағдайларда алған дағдысымен және білімімен бөлісті. Құрлық әскерлерінің Әскери институтында іс-шара жат жұртта қаза болған жауынгерлерді еске алу ретінде «Годы опаленные войной» ерлік сабағы форматында өтті. Іс-шараға Кеңес Одағының батыры, ауған соғысына қатысқан Николай Иванович Кремениш шақырылды. Ол болашақ офицерлермен ұрысқа қатысқан естеліктері, қызметтестері, олардың ерліктері мен қайсарлықтары туралы ой бөлісті. Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық көмек көрсету бойынша тапсырманы сәтті орындағаны және танытқан батылдығы мен ерлігі үшін  Николай Кременишке Кеңес Одағының батыры атағы берілді.  Алматы гарнизонына қарасты Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің бірінде жоғары сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.  Іс-шара Ауғанстан Демократиялық Республикасында  интернационалдық борышты орындау кезінде қаза болған жауынгерлердің мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.   Акция барысында офицерлер мен сержанттар қонақтарды әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстырып, авиациялық техниканың оқу үлгілерін паш етті, сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерін пайдалану мүмкіндіктері туралы айтып берді.  Сондай-ақ оқушылар арасында белтемірде нормативтерді орындау бойынша сайыс өткізілді. Оның қорытындысы бойынша анағұрлым ерекше көзге түскендер грамоталармен марапатталды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Ауған соғысының 16820 ардагері өмір сүруде. Олар өскелең ұрпақпен ұдайы кездесулер өткізіп, әскери-патриоттық іс-шараларға белсене қатысады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи