Елордада «Ғасырларға созылған қасірет» жылжымалы көрмесі ашылды

Елордада «Ғасырларға созылған қасірет» жылжымалы көрмесі ашылды

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Әскери-тарихи музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу құрметіне орай «Ғасырларға созылған қасірет» жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме мәңгі есте сақтау, жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты ояту мақсатында «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм  құрбандарының мемориалдық музей кешенімен бірлесе ұйымдастырылды. Көрмеде қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары және «Ұрпақтар ұмытпайды» халықаралық жобасының қатысушылары мен «АЛЖИР» тұтқындарының мұражай қорына берген фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды.   Елорда тұрғындары мен қонақтары жылжымалы көрмені күн сайын бір ай бойы 09.00-ден бастап 18.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қ. Республика даңғылы 2, мекенжайы бойынша орналасқан Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Әскери-тарихи музейінде тамашалай алады. Кіру – тегін. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи