Қазақстан мен Израиль ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларын бірлесіп шығаруға келісті.
Аталған жоба қажетті өндіріс қуаты мен кадрлық әлеуеті бар Астанадағы авиациялық-техникалық орталықта іске асырылады. Еліміздің Қорғаныс министрінің Тель-Авивке жасаған жұмыс сапары аясында осындай уағдаластыққа қол жетті. Иманғали Тасмағамбетов Израильдің қорғаныс министрі лауазымына жаңадан тағайындалған Авигдор Либерманмен кездесіп, әріптесіне табыс тіледі. Сондай-ақ, тараптар жоғары технологиялық қару-жарақ жасау мәселесін қарастырды. Бұдан бөлек, сапар шеңберінде қазақстандық делегация бірқатар әскери техника өндіретін жетекші компанияларды аралады.