Экология мәселесін сараптады

Қызылорда облыстық сотында экология заңнамасына қатысты мәселелер қаралды. Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Экология заңнамасын қолдануда туындайтын мәселелер» тақырыбында жиын өтті. Аталған шараға судьялар, прокурорлар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Шараны облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаев ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер туралы айтты. «Экология заңнамасын бұзудан туындайтын әкімшілік және азаматтық істерді қарау барысында соттардың экологиялық заңнамалардың дұрыс қолданылуына ерекше назар аударуы қажет», - деді Әділхады Шығамбаев. Сондай-ақ, жиын барысында экологиялық заңнамаларын колдану бойынша сот тәжірибесінің мәселелері, жүргізілген тексеру нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тарту кезінде туындайтын даулар, әкімшілік істерді қарауда экологиялық заңнаманы колдану туралы азаматтық істерді қарау кезінде туындаған мәселелері талкыға түсті.
Жиын соңында сот мамандары экологиялық заңнаманы қолдануда туындайтын дауларды шешу мақсатында тұрақты түрде шолу жасауға және жұмыс барысында олқылықтарды болдырмас бірнеше ұсыныстар ұсыныстар әзірледі.

Жаңа стансалар – «жасыл» технологияның жемісі
Қарағанды облысында күн және жел қуатымен жұмыс істейтін алты электростанция салынады. Барлық алты станция 2020 жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс. Жобалар жеке инвесторлармен қаржыландырылады. Жоба құны – 163 миллиард теңге. «Осы жылдың соңында Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталды. Оның қуаттылығы – 100 МВт. Жылына 145 миллион КВт қуат өндіретін болады», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Қайрат Бегімов.
Тағы бір күн электр станциясы жоспар бойынша Шет ауданында, Ағадыр кентінің маңында орналасатын болады. Ол «КазСолар» ЖШС қаражатының есебінен салынады. Қуаттылығы – 50 Мвт. Ал Ақтоғай ауданы Гүлшат ауылында «КПМ-Дельта» ЖШС 40 МВт-тық күн электр станциясын тұрғызатын болады.  10 МВт жел қуатымен жұмыс істейтін жаңа электр станциясы Осакаров ауданы Осакаров кентінде де пайда болады.  
«Шаңырақ - 22» ЖШС қаржысы есебінен салынатын қуаттылығы 10 МВт болатын жел электр станциясы Қарқаралы ауданында салынады.  Сондай-ақ Абай ауданында «Агрофирма Құрма» ЖШС қуаттылығы 1 МВт биогазды құрылғы орнатады.  Бұл станциялар өндіретін қуатты Энергетика министрлігі бір киловатын 32-36 теңгеден сатып алуды жоспарлап отыр. Сонан соң оны KEGOК-тың желілері бойынша таратады. Тұтынушыларға қуат аймақтарда бекітілген тарифтер бойынша жеткізіледі. Қарағандыда бір киловатт 10-11 теңгені құрайды.  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"