Екі дүркін «Әлем барысымен» кездесті

Екі дүркін «Әлем барысымен» кездесті

Қазақстан Республикасы чемпионатының он дүркін жеңімпазы, төрт дүркін Азия чемпионы, қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз палуан, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы, «Әлем барысы» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері, «Еуразия барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы, «Әлем барысы» халықаралық турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаровпен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйінде кездесу болды.

Айбек Нұғымаров гарнизондық офицерлер үйіндегі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мұражайын аралады. Семейдің көне тарихынан сыр шертетін суреттерге, Семей өңірінен шыққан қазақ ғұламалары, өнер мен мәдениет және спорт тарландары, әрі еліміздің Қарулы Күштері туралы құнды деректерге назар салды. Бұдан соң Семей гарнизонының әскери бөлімдерінде белгіленген мерзімді қызметтерін өткеруге шақырылған жауынгерлермен жүздесті. Әскерилердің алдында туып-өскен Абай ауданының Құндызды ауылы, тұңғыш рет спорт үйірмесіне барған күн, дзюдо, самбо және қазақ күресінде бағындырған белестер, ұлттың рухын асқақтатқан жоба – «Қазақстан барысындағы» ең үлкен жетістік және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 54770 әскери бөлімінде қызмет еткен кезең туралы жақсы естеліктер айтты. «Әрқашан керегеміз кең болып, қазағымыз жасай берсін! Өсе берсін! Ниеттеріңіз түзу болып, қызметтеріңізге адал болыңыздар! Тек қана биіктерден көрініңіздер!», деді ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

   Кездесу барысында ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының кубогына қоян-қолтық ұрыстан және армиялық қоян-қолтық ұрыстан ашық республикалық турнирінде армиялық қоян-қолтық ұрыстан командалық есепте үшінші орын алғаны үшін кіші сержант Архат Баяхметов (44793 әскери бөлімі), қатардағы Дулат Қабыкен (44736 әскери бөлімі), ефрейтор Бақытжан Дүйсенбеков (28738 әскери бөлімі), ефрейтор Руслан Утисинов (36803 әскери бөлімі), сержант Артем Рогальский (36803 әскери бөлімі) Айбек Нұғымаровтың қолынан грамота алды. Сондай-ақ, ТМД елдері арасындағы халықаралық чемпионаттың жүлдегері, армиялық жекпе-жектен спорт шебері, 2018 оқу жылының қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында үздік спортшы болып танылған кіші сержант Архат Баяхметов те марапатталды. «Әлем барысының» екі дүркін жеңімпазы гарнизондық офицерлер үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалап, жерлестерімен естелікке суретке түсті.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи