Батыр ел үшін туады

Біз үшін батыр тек жаугершілік заманда ғана болған сияқты көрінеді. Патриоттық, отансүйгіштік сезім туралы айтқанда да тек соғыста көрсеткен ерлігімізбен мақтанамыз. Кешегі Қабанбай, Исатай, Райымбек, Абылай, Бауыржан, Рақымжан, Қайрат т.б батырлардың ерліктері есімізде. Алайда бүгінгі күннің тірі батырлар да бар екендігін ұмытпайық. Олар ортамызда жүр.

Бұл мақаланы жазуыма  "6 бекет" фильмі түрткі болды. Алған әсерім керемет, осынша әсер аламын деп ойламадым. Фильмді көрмеген адамдарға кеңес беремін. Өте жоғары деңгейде түсірілген. Шынайы өмірден алынған бұл фильм жүректі тебірентіп, көзге жас келтіріп, фильмнің ішіне кіріп кеткендай әсер аласың. Фильм сюжеті Маңғыстау облысының қатаң тәртіп колониясында әскери міндетін атқарып жатқан 19 жасар баланың ерлігі жайлы баяндалады.  Небәрі 19 жастағы сабаздың Отан үшін отқа түсіп, өз өмірін ел үшін құрбан етуге дайын болған ұлдарымызға үлгі болар  іс-әрекеті суреттеледі. Бұл бүгінгінің батыры оның осы өжеттілігі мен қайсарлығы киноға арқау болды. «Бұл менің өмірім туралы емес, бүкіл Ұлттық ұлан жауынгерлердің күнделікті қызметтері мен тыныс-тіршілігі жүрегі елім деп соғатын сарбаздардың қайсарлығын паш ететін туынды» дейді фильмдегі басты кейіпкердің прототиві батыр, Ербол Отарбаев. Шынайы оқиғаға негізделген бұл фильмнің бізге берері көп. Біріншіден: өз елін жерін сүйетін патриот ұрпақ тәрбиелеу, отан алдыда борышымды атқарамын дейтін, әскерден жалтармайтын ер-жігіттердің көбеюіне себепкер болады, екіншіден: жат ағымның жетегінде кеткен бауырларымыздың қателіктерінен сабақ алып, діни дұрыс көз-қарасты қалыптастыру, үшіншіден: «Батыр болып туылмайды, батыр болып қалыптасады» дегендей кешегі батыр бабамыздың текті атаның қаны бар ұл-қыздарымызда кез-келген жерде ерлік көрсетіп батыр бола алатындарына сенім береді, төртіншіден: әскери қызметкерлерге деген сыйластығымыздың артуы, күн демей түн демей отанымызды қорғап жүрген олардың жұмыстарына құрметпен қарау, бесіншіден: шет елдің киноларын көргенше отандық өнімді қолдап, балаларымызға «Человек паукті» көрсеткенше өзіміздің батырымызды көрсетіп үлгі алу. Біздің батырлар рыцарлардан, богатырлардан еш кем еместігін түсіндіру. Ұлттың рухын көтеретін дәл осындай туындылар қазіргі ұрпақты тәрбиелеуге жетіспей тұрдеп ойлаймын.
    Қазақ кино индустриясына осындай патриоттық кино қосылғанына өте қуаныштымын. Жоғары деңгейде сапалы түсірілген. «Барлық әскери техника қолданылған кең ауқымды жобаға дайындық жұмыстары жарты жылға созылған және де 200-ден астам адам тартылған» дейді. Кинокартинаға актерлер жақсы таңдалып өз рөльдерін шынайы әрі шебер мінсіз орындап шыққан. Фильмнің режиссері, продюссер, оператор, композитор, гримм, сценарист, түсірілім тобына, кеңесшілер, теологтар, жауынгер солдаттар атсалысқан барлығына алғысым шексіз. Еңбектеріңіз жемісті болсын деймін. Бұл оқиғаны  БАҚ-нан, жаңалықтардан естіп білгенмен біраз уақыт өткен соң саябырсып ұмытылып қалды. Ал кино түсіріп халыққа жеткізу арқылы ешқашан ұмытылмас әсер алып, өзіміздің батырларымызды біліп жатырмыз.
Осындай батырлары бар ұрпақтың қашанда еңсесі биік, батыл, батыр болуға міндетті. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет- ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау- тасын, өзен- көлін, қазба байлығын өзімдікі деп  сезініп, оны қорғай да білген әр ұлтжанды азамат батыр деп ойлаймын. Бейбіт күннің батырлары антына адал сарбаздарымыз, ерлігі ұрпаққа үлгі азаматтарымыз көп болсын. Иә, батыр ел үшін туады...Батыр ұлдарымызға мың тағзым. Бас иеміз!


Тоғжан Өмірбекқызы
Қарағанды қаласы

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК