Баспанамен қамтамасыз етудің бағыттары

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей, Өскемен, Аягөз, Үшарал гарнизондарында «ҚР тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» мағлұмат берілді.

   Әскери қызметшілерге ҚР Қорғаныс министрлігі заң департаментінің бөлім бастығы әділет майоры Ербол Мұхамеджан мен «Шығыс» өңірлк қолбасшылығының заң қызметінің бастығы әділет подполковнигі Бауыржан Толымғожинов «ҚР тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі бірқатар заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жан-жақты түсіндірді. Еліміз Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруда жауынгерлік әзірлікті одан әрі белсендірудің, кәсіби дағдыны барынша арттырудың, әскери тәтіп пен құқық тәртібінің жағдайын жақсартудың оң үрдісін сақтай білуге үндеді. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысына да тоқталды. Гарнизондардағы әскери қызметшілерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Баспанамен қамтудың жаңа қадамы туралы айтып, әрі ол тұрғын үй мәселесін шешуге зор мүмкіндік беретінін жеткізді. Баспанамен қамтамасыз ету бағыттарының іске асырылу барысымен таныстырып, кездесуге келгендердің сан алуан сұрақтарына жауап берді.

 

                            Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства