Бір тал кессең, он тал ек

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің ұжымымен бірлескен «Бір тал кессең, он тал ек!» тақырыбында мектеп аумағын көгалдандыруға арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғат паркінен сирек кездесетін ағаш түрлерін, түрлі жеміс ағаштарын көбейту, жерсіндіру мақсатында ағаш түптері отырғызылды. Соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Онда мектеп ұландары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің басшылығы аталған іс-шараның жоғарғы деңгейде ұйымдастырып, атсалысқаны үшін полковник Г.Тулеушевті және әскери қызметшілер мен ұландарды алғыс хатпен марапаттады.
Аталған іс-шараға жергілікті «Панорама Шымкента», «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» баспаларының, «Отырар ТВ», «Оңтүстік», «ТВК» телеарналарының өкілдері шақырылды.

Қызметкер Ж.БАСБАҚБАЕВА
Идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар
бөлімшесінің бастығы
Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"