Білімді бекемдеуге бағытталған басқосулар

Қазақстан әскерилерінің Әскери соты осы саладағы қызметшілердің білім-біліктілігін көтеру бағытында тынбай еңбектенуде. Ұжым ұйымдастырған іс-шаралар қорғаныста жүрген әріптестерінің үнемі назарында. Түрлі бағытта өтетін басқосулар, жиындар, семинарлар қатысушыларының құқықтық деңгейін көтеріп, заңдық түсінік аясын кеңейтіп, жетілдіретін сөзсіз. Сондай отырыстардың бірқатарына тоқталсақ.

Пайдасы мол баспасөз-туры
Ақмола гарнизоны әскери сотында сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында баспасөз-туры өтті. Іс-шараға Қазақ гуманитарлық заң университеті гуманитарлық заң колледжінің 3-курс студенттері қатысты.
Басқосу барысында сот маманы А.Әлімбаева қатысушыларға сот залдарын көрсетіп, аудио, бейне жазбалар құрылғысының тиімділігі туралы айтып өтті. Сондай-ақ сот жүйесінің қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі туралы әңгімеледі. Студенттер әрбір азамат кез келген уақытта үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет жүйесі арқылы сот құжаттарын көруге, сонымен қатар, істің қаралу барысы мен сот актісін шығарып алуына болатындығына көз жеткізді.
А.Әлімбаеваның айтуынша, сот жүйесіне жаңа технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, қағазбастылық пен бюрократиялық кедергілерді жояды. «Бүгінгі таңда қызметтің барлық саласында соны технологиялар енгізілуде. Бұл үрдіс сот жүйесінде де бар. Бұл жүгінуші азаматтардың, соттардың бір-біріне сенімділігін арттырып, істің тиянақты, таза атқарылуына септеседі», деді ол.
Іс-шараға қатысушылар барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алып,  өткізілген пайдалы баспасөз-турын ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Семинар сенімді нығайтты
Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Р.Болатқан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өңірдегі әскери бөлімінің жеке құрамымен «Жеке айыптау бойынша қылмыстық істі сотпен қарау тәртібі мен негізі» тақырыбында семинарлық сабағын өткізді. Семинарға әскери бөлімнің командирі подполковник Б.Дүйсенбаев және әскери бөлімнің жеке құрымы қатысты.
Өз сөзінде судья Р.Болатқан іс-шараға қатысушыларға қылмыстық іс жүргізу заңы, нақты айтқанда Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 32-бабында қылмыстық істі жеке айыптау өндіріс тәртібінде қарау мүмкіндіктері қарастырылғанын жеткізді. Оған қоса, 408-бабына 1-бөліміне сүйене отырып, жеке айыптау ісі, соттылық қағидасын ұстанып, тараптық тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағымын сотқа беру жолымен қозғалатындығын айтып өтті.
Семинарға  қатысушылар жеке айып ісі бойынша мәселелі сұрақтарды талқылады. Шағымды қарау мерзімі, шағымды қабылдау кезіндегі қайтарылудың себебі, жала жабу туралы жеке айыптау шағымдарында Заң нормаларын қолдану және басқа да сауалдар төңірегінде ой бөлісті
Семинар сабағының соңында әскери бөлім командирі подполковник Б.Дүйсенбаев, әскери бөлімінің жеке құрамы атынан семинар сабағын өткізгені үшін судья Р.Болатқанға алғысын білдірді.

Сот құжаттарын саралады
Қостанай гарнизоны әскери сотымен 2031 әскери бөлімінде «Сот құжаттарымен танысу» модулі» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Басқосуға судья М.Аманжолов, әскери соттың бас маманы Н.Қаратаев, сонымен қатар 2031 әскери бөлімнің басшылығы мен әскери қызметшілері қатысты.
М.Аманжолов өз сөзінде аталған модуль Қазақстан Республикасы сот жүйесінің интернет-ресурстарында электрондық түрде сот құжаттарын көруді, сонымен қатар, жеделдік пен қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігін айтып өтті. Содан кейін, ол сот құжаттарын тіркеу және қарап шығу тәртібін түсіндіріп берді.
Электрондық сот құжаттары «Сот құжаттарымен танысу» модулінде сілтеме түрінде болатындығын, ары қарай оларды жазып алуға, қарап шығуға және сақтауға мүмкіндік берілгендігін көрсетті.
Семинар-тренинг соңында М.Аманжолов ақпараттық технологиялардың белсенді және кең енгізілуі азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің және сот төрелігінің қолжетімділік деңгейінің артуына бағытталғандығын әңгімеледі.

Жазаның мақсаты қандай?
Кезекті семинар сабақ Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Жаза және жазаның түрлері» тақырыбымен өтті. Оған сот төрағасы М.Сатыбалдин, судьялар А.Каиров, Т.Королевская және кеңсе меңгерушісі А.Шинжанова қатысты.
Семинар сабағының мақсаты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне көзделген жазаның түрлері туралы мәселелерді талқылау болды.
Сот төрағасы өз сөзінде жазаның түрлері туралы түсіндірді және жазаның әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамның  түзелуі, сотталғандармен және басқа адамдармен жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу үшін жасалатын іс-қимыл түрлерін айтты. «Жаза тән азабы мен адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейді. Ол одан кейін де құқық бұзушылыққа саналы түрде бармауға сеп болуы керек», деді М.Сатыбалдин.
Бұдан басқа, қоғамдық және түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жазалардың орындалу тәртібін және үкімді орындау кезінде жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті полицияның атқаратын  рөлін түсіндірді. Сотталушы қоғамдық және түзету жұмыстарын атқарудан жалтарған жағдайда оның орнына қолданылатын жазаның түрлерін айтты.
Талқылаудың нәтижесі бойынша қатысушылар пікір алмасып, оларды  кейіннен жұмыста пайдалану үшін ортақ ұсынымдар әзірледі

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"