Астанада «Цифрлық армия» күні өтті

Астанада «Цифрлық армия» күні өтті

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Astana Hub» ІТ – стартап халықаралық технопарк алаңында  «Цифрлық армия» күнін ұйымдастырды. Оның ашылуы Премьер-Министрдің орынбасары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен өтті.

ҚР Қарулы Күштерінде цифрлық технологиялардың енгізілуі Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшының «Цифрлық армия» жалпы мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тапсырмасын орындау үшін жоспарлы түрде жүргізілуде. Аталмыш шара заманауи техникалық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау мәселелері бойынша Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының өзге де әлеуетті ведомстволарымен ІТ-технологиялардың ұлттық өндірушілері және  әзірлеушілерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру  мақсатында өткізіледі.    «Цифрлық армия» күні барысында отандық операциялық жүйе мен дерекқор жүйесін, ұшқышсыз жүйелер мен тренажерларды, автономды режимде әртүрлі дереккөздерден ауқымды деректерді жинауды, талдауды және алынған ақпарат негізінде ахуалды модельдеуді, сондай-ақ қабылданған шешімдерді әрі қарай іске асыруға қабілетті «ақылды» өзін-өзі оқыту бағдарламалық-аппараттық кешендерді құру жөнінде 40 ұлттық  IT-компанияның презентациясы өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі, «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы және Қазақстан ІТ – компаниялары ассоциациясы арасында бес жақты меморандумға қол қойылды.  



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи