Астанада әскери-дипломатиялық корпусты салтанатты қабылдау рәсімі өтті

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығы мен Қазақстанның шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатуының 25 жылдығын мерекелеуге орай әскери-дипломатиялық корпусты салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанда аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері және ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қатысты. «Тәуелсіздік жылдарында ҚР Қорғаныс министрлігі әлемнің көптеген қорғаныс ведомстволарымен достастық және серіктестік қарым-қатынас орнатты. Мұндағы айрықша еңбек пен маңызды миссия халықаралық әскери байланыс пен әскери ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған дипломатиялық күш-жігерлеріңізге тиесілі», - деп ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы контр-адмирал Қайыргелді Есенеев сөз сөйлеуінде атап өтті.
Ағымдағы жылы негізгі назар бітімгершілік әлеуетті, әскери білім мен ғылымды дамыту, жауынгерлік даярлық аясында шетелдік тәжірибені зерделеу және енгізу, арнайы мақсаттағы күштерді дайындау және отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелеріне аударылды. Жалпы алғанда, 2017 жылға арналған әскери-дипломатиялық корпуспен жұмыс жасау жоспары толық көлемде орындалды.
ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының көркемдік ұжымы құрметті меймандардың назарына ұлттық қазақ мәдениетінің нақышына толы әсерлі концерт ұсынды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"