Армысың, Әз-Наурыз!

Ғасырдан ғасырға жеткен ұлы мейрамымыз Наурызды ата-бабамыз сән-салтанатымен ерекше атап өткені тарихтан мәлім.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, адамзат пен күллі табиғаттың жаңаруына дейінгі салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды, жөн-жоралғыларды, наным-сенімдерді қамтыған Ұлы мейрамның 2500 жылдық жазбаша тарихы бар. Әз Наурыз – Шығыс елдерінің отырықшы ха¬лық¬тары¬ның, егінші жұрт¬тардың мей¬рамы және біздің көшпенді бабала¬рымыздың ортақ мерекесі.
Міне, осы мереке кезінде еліміздің түкпір-түкпірінде ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, дастарханымыздан ас кетпей, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз қайта жаңғыртылып, халқымыз ерекше шаттық күйге бөленіп жатады. Осындай шаттық пен ынтымақтастық мерекесінен еліміздің Қорғаныс саласы да тысқары қалмай келеді. Жыл сайын әр әскери салалар мен әскери бөлімдерде Наурыз мерекесін насихаттайтын іс-шара кеңінен ұйымдастырылып өтіп жататыны – соның айғағы.
Олай болса, есігімізден енді төрге енгелі тұрған жыл бастауы «Армысың, әз-Наурыз!» деп, ынтымақты елге несібесінін молдығын, тыныштықтың берекелігін тілейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"