Ардагер аналарымыз ұлықталуда

Ардагер аналарымыз ұлықталуда

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы полковник Г.Тулеушев пен Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник А.Шегебаевтың жетекшілігімен әскери қызметшілер Ұлы Отан Соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының «Қазақстанның ең үздік адамдары» энциклопедиясына енгізілген Шымкент қаласының құрметті азаматы Анна Шаляны құттықтап барды.

А.Шаля Ұлы Отан соғысы кезеңінде байланысшы қызметін атқарған, жауға қарсы беттеп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер. Соғыс аяқталған соң Үкіметке 25 жыл адал қызмет атқарған. Қазіргі таңда да, жастарды патриоттық тәрбие беруде өз еңбегін аямауда.
Кездесу барысында Анна Федоровна елдің өткені мен бүгіні турасында әңгіме-дүкен құрды. Сонымен қатар, мектеп басшылығы ардагер анамыздың өнегеге толы өмір жолы, даналыққа толы әрбір сөзі, батырлығы, еліне адалдығы кейінгі жас ұрпаққа үлгі боларлық бай тәжірибе екенін және де ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден құттықтауларын жеткізіп, сый-құрметтерін көрсетті.
Өз кезегінде батыр анамыз келген қонақтарына алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.


Ж.СЕЙДУЛЛА

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана