Алматыдағы терактіден тағы бір полицей қаза болды

Алматыдағы терактіден тағы бір полицей қаза болды

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін сағат 13:45-те Жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасының жансақтау бөлімінде жол-патрульдік полициясының арнайы батальоны қызметінің аға инспекторы полиция лейтенанты 25.07.1986 жылы туылған Тимур Бегасылов қайтыс болды.  Алматыдағы теракт кезінде Тимур Бегасылов Абылай хан даңғылында күзетте тұрған. Ол Руслан Күлікбаев атқан оқтан жараланып, жедел жәрдем көрсету ауруханасының жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізілді. Дәрігерлер полицейді ажалдан арашалап қалу үшін барын салғанымен, тәртіп сақшысының өмірі қиылып кетті. Тимур Бегасылов ішкі істер органдарында 2015 жылдың қаңтарынан бері қызмет еткен болатын.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи