Алматыда Инженерлік қамтамасыз ету мәселесі жөнінде үйлестіру комитетінің отырысы өтті

Алматыда Инженерлік қамтамасыз ету мәселесі жөнінде үйлестіру комитетінің отырысы өтті

Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы инженерлік қамтамасыз ету мәселесі жөнінде үйлестіру комитетінің отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар комитет қызметінің қорытындылары, 2020 жылға дейінгі кезеңге ТМД-ға қатысушы елдердің инженерлік қамтамасыз ету ауқымындағы негізгі ынтымақтастық бағыттары қаралды, ТМД-ның Қарулы Күштері үшін минадан тазарту ауқымында мамандарды даярлау жөніндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің негізгі ұйымдар қызметінің мүмкіндіктері мен басымдықтары талқыланды.          Аталған инженерлік қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі бірлескен іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық мүдделері мен бірлескен басымдықтарын ескере отырып, осы ауқымда әскери ынтымақтастықты жан-жақты жетілдіруге ықпал етеді.          Осы жылдың 18-26 маусымы аралығында 58012 әскери бөлімінің базасында ТМД-ға қатысушы елдердің Қарулы Күштері инженерлік бөлімшелерінің жиыны өтеді. Ол жерде әскери қызметшілер жолдарды жарылғыш заттардан барлау, миналар қорғаушыларды зарядтау мен ауыр механикаландырылған көпірді пайдаланумен кедергі арқылы айналып өтетін көпірді орнату нормативтері пысықталады.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"