Әскерилердің әлеуетін арттырады

2018 жылғы 5 наурыздағы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланған болатын. Соған байланысты «Әрбір отбасы үшін тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктері» бірінші бастамасының талаптарына сәйкес көптеген іс-шаралар қолға алынып келеді.

Оның ішінде әскери қызметшілерге қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №49 қаулысымен бекітілген «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын жаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтау, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына» сәйкес әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері тағайындалды. Екінші деңгейлері банктермен, атап айтқанда Тұрғын үй жинақ банкімен үш жақты келісім шартқа отырып, жеті бағытта көрсетілген төлемдері төленетін болды. Әскери қызметшінің жиналған тұрғын үй жинақтарын көптеген мақсаттарға қолдана алатыны туралы жеткізілді. Ипотекалық несиені қолданып жеке меншік үй сатып ала алатыны, ары қарай сатып алу мүмкіндігімен жалға алу, тұрғын үй құрылысы бойынша несие алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жол ашылатыны туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Алматы қаласы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы үйлердің шаршы метр бойынша бағасы және қалай төлеу, қанша уақытта өтелетіні туралы алғы шарттары 78460 әскери бөлімінің жеке құрамына жеткізілді. Осы мәселеге қатысты «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қызметкерлері шақырылып, алғышарттары толықтай түсінідіріліп, 206 адам жеке есепшот ашып отыр. Атқарылып жатқан жұмыстар Қазақстан армиясының беделін көтеруді, тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
78460 әскери бөлімінің ардагері,
ҚР ҚК қызметшісі М.Айтақова

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК