Әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңі

Әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңі


Қазақстанның Қарулы Күштерінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау жөніндегі жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде және 10 қарашаға қарай аяқтау жоспарлануда. Белгіленген мерзімде 17000-нан аса бірлік әскери және арнайы техникаға қызмет көрсету, қару-жарақтың жай-күйін тексеру және анықталған ақаулықтарды жоюға тура келеді. Қазіргі уақытта техниканы қысқы кезеңге көшіру жөнінде жұмыстың 70%-дан аса көлемі орындалды.

Құрамалар мен әскери бөлімдерде барлық санаттағы әскери қызметшілермен жауынгерлік машиналар парктерінде маусымды жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ техникада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі көрсетілімді сабақтар өткізілуде. Маусымдық жұмыстарды жүргізу кезінде жауынгерлік және арнайы техниканың, сондай-ақ жеке құрам мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдердің техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылатын болады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства