Әскери спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті

Әскери спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасында Таразда өткен және Қырғыз Республикасының Олимпиада чемпионы Қаныбек Османалиевтің жүлдесі үшін ауыр атлетикадан Бішкекте өткен халықаралық турнирлерге қатысты.

Еркін күрестен өткен турнирге әлемнің 10 елінен 150-ден астам балуан қатысып, бақтарын сынады. Осы сайыста 86 келіде сынға түскен Армия орталық спорт клубының спортшысы кіші сержант Әділет Давлумбаев Грузия балуаны Сандро Аманошвилиден басым түсіп, жеңімпаз атанды.
Ауыр атлетикадан өткен жарыстарда әскери спортшылар 94 келі салмақта алтын және қола медальдарды жеңіп алды. Атап айтсақ, армия спорт клубының спортшылары Айбек Жәнібеков алтын, Шыңғыс Сағындықов қола жүлдегер атанды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП