Қазақстан әскерінде ұрып-соғу және дезертирлік жоқ десе де болады. Бұл туралы бүгін ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев мәлім етті.
«Дезертирлік және жарғыға сәйкес емес қатынастар саны тым мардымсыз, мұндай істер саусақпен санарлық. Бір сөзбен айтқанда, ұрып-соғу және әскерден қашу деген қазір жоқ десе де болады. Себебі қазір азаматтар негізінен келісімшарт бойынша орналасуда, сондықтан олар қызметтің осы түріне саналы түрде барады. Сол себепті мұнда ондай проблема жоқ», - деп атап өтті ол Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар Қазақстанның бас әскери судьясы оқыста қылмыстық әрекетке барған әскер қатарындағы сарбаздарға қатысты қолданылатын жұмсақ жазалардың түрі ұлғайтылған. Бұл ең біріншіден, қоғамдық және түзету жұмыстары.
Ведомство деректері бойынша, соттар, оның ішінде әскери соттармен қылмыстық іс қатысушыларын ақтау оқиғалары артқан. 2016 жылы қылмыстық іс қозғалған тұлғалардың 2,1 пайызы ақталған. 2015 жылы олардың үлесі тек 0,5 пайыз болатын.