Әскери қызметшілерді баспанамен қамтудың жаңа теттіктері бойынша кеңес өтті

Әскери қызметшілерді баспанамен қамтудың жаңа теттіктері бойынша кеңес өтті

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың жетекшілік етуімен бас басқармалардың, түрлердің, әскер тектерінің, әскери бөлімдердің заң қызметтерімен, өңірлік пайдалану бөлімдерінің өкілдерімен, Ақмола гарнизонының заңгерлерімен тұрғын үй қарым-қатынастары мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша сслекторлық кеңес өткізілді.

Әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында Мемлекет басшысы әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін арттыруға бағытталған «Тұрғын үй қарым-қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осыған орай, отырыста тұрғын үй қарым-қатынастары мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру тәртібінің мәселелері қаралды.
Қосымша әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмысын сапалы жүргізу үшін барлық 18 өңірлік пайдалану бөлімінде қауырт желі ашылды. Олардың нөмірлерін әскери қызметшілер ақпараттық стендтер мен ҚР ҚМ www.mod.gov.kz. ресми сайтынан біле алады.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана

Инфографика: категории годности призывников в роды войск Казахстана