Әскери қызметшілер үшін баспана мәселесін шешудің жаңа тәсілдері

Әскери қызметшілер үшін баспана мәселесін шешудің жаңа тәсілдері

Әскерилерді әлеуметтік қорғау – ежелден мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін тегін медициналық көмек, лайықты зейнетақы, көшу кезінде әуе, темір жол, су және автомобиль көлігі қызметтерін жеңілдікті пайдалану және басқа да өмір деңгейі мен әл-ауқатын көтеруге бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қолданылады.

Енді жақын арада қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің баспана мәселесін шешудің жаңа тәсілі іске асырылуда.

Осы Заңның маңызы – тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілердің барлық санаттарын төл тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

Атап айтқанда тұрғынжайға мұқтаж барлық әскери қызметшілерге банктердегі жеке арнаулы есепшоттарына ай сайын «тұрғын үй төлемдері» аударылып тұрады.

Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері еліміздің тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құнын әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің әрқайсысына тиесілі пайдалы аудан нормаларына, яғни бір адамға шаққанда 18 шаршы метрге көбейту арқылы есептеледі.

Әскери қызметшілер осы тұрғын үй төлемдерін келесі мақсаттарға жұмсай алады:

тұрғынжайды меншікке, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеумен немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып меншікке алуға. Бұл ретте әскери қызметші кез келген өңірде өз меншігіне алатын тұрғын үйдің түрін (не пәтер - не үй) және сипатын (яғни, ауданын, жобалануын, қабатын) өз бетінше таңдай алатынын атап өткен жөн;

тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеуге немесе кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеуге, бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеуге. Әскери қызметші тұрғын үй төлемдерінің бір бөлігін баспананы жалға, ал қалған бөлігін жинақтауға соның ішінде тұрғын үй құрылыс жинағында жинақтауға құқылы болады.

үлестік тұрғын үй құрылысына, тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысқан кезде жарналарды төлеуге;

тұрғын үй құрылысы жинақтарын жинауға. Бұл әскери қызметшіге қызметін өткеріп жатқан жерде, немесе ары қарай тұру үшін таңдаған өңірінде баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік береді;

тұрғын үй жағдайларын жақсартуға да пайдалануға. Мәселен, отбасы құрамы артқан кезде тиісінше, тұрғын үй төлемдерінің мөлшері де ұлғаяды. Бұл әскери қызметшіге өз тұрғын үйінің ауданын болашақта кеңейтуге мүмкіндік береді.

Заң әскери қызметшілердің баспанасыздық проблемасының басқа да түйткілді түйіндерін тарқатуға бағытталған.

Бірінші кезекте – 20 жыл және одан да көп ғұмырын әскери борышын өтеуге арнаған әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің көптен қабырғаға батқан маңызды мәселесі шешімін таппақ.

Бұл ретте Заңмен қандай да бір тұрғын үй берілместен қызметтен шығарылған осы әскери зейнеткерлер «біржолғы ақшалай өтемақыны» осы жылдан бастап алатын болады. Яғни, олардың тұрғын үйге деген құқығы толық іске асырылады.

Ал әскери қалашықтарда тұрып жатқан демек уақытша тұрғынжаймен қамтамассыз етілген зейнеткерлерге «біржолғы ақшалай өтемақылар» 2020 жылдан бастап төленеді.

Бұл бар қызметтік тұрғын үй қорын босатуға және оларға әскери борышын өтеп жатқан әскери қызметшілерді қоныстандыруға мүмкіншілік береді.

Зейнет алды жасындағы әскери қызметшілерді алсақ олар әскери қызметтен шығарылған кезде тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін біржолы алады. Демек олардың да зейнетке шығу барысында тұрғынжаймен қамтамассыз ету маңызды сұрағы шешімін таппақ.

Сонымен қатар, Заңмен әскери қызметін өткеру кезінде жарымжан болып қалған немесе ауыр дертке шалдыққан, нәтижесінде, әскери есептен шығарылған әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету қарастырылуда. Бұл санаттағы әскерилерге де қызметін өтеген өңірдегі жаңа тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ұсынылады.

Осылайша Заң әскери қызметшілерді қызметтен шығарылған кезде тұрғынжаймен қамтамассыз етуге толық көлемінде кепілдік береді.

Заңның келесі бір жаңашылдыққа сәйкес, әскери қызметті өткеру барысында қаза тапқан немесе дүниеден өткен әскери қызметшілердің отбасыларының баспанасыздық мәселесі шешіледі. Аталған отбасыларға шейіт болған әскери қызметші қызметін өтеген өңірдегі жаңа тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төлеу көзделіп отыр.

Тағы бір маңызды жаңа норма – жабық әскери қалашықтар мен заставаларда орналасқандықтан, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанамен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге қатысты. Заң бойынша оларға сол өңірге тиесілі тұрғын үй төлемдері ай сайын 50% көлемінде аударылатын болады. Бұл – әділетті болып табылады, себебі, мемлекет аталған әскери қызметшілерді тегін қызметтік баспанамен қамтамасыз етеді, олардың барлық коммуналдық төлемдерін де толығымен мемлекет көтереді. Сондықтан әскери қызметшінің мұның сыртында мемлекет беретін 50% көлеміндегі тұрғын үй төлемдерін жинақтап, банктердің ипотекалық несиелендіру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндігі бар.

Заңның тағы бір новелласына сәйкес, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдары 10 және одан көпті құрайтын барлық әскери қызметшілер үшін 20 жыл әскери қызметін өтегеннен кейін қызметтік баспананы өтеусіз жекешелендіру құқығын қайтару ұсынылады. Қызметтік тұрғын үй жекешелендіруге жатпайтын болса, өтеусіз жекешелендіру құқығы баспана құны көлемінде өтеледі.

Басқа жергілікті жерге аустыру кезінінде тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін жаңа өңір бойынша алуды жалғастырады. Ал, әскери қызметші бұрынғы қызмет өңірінде тұрғын үй төлемдері арқылы ипотекалық келісімшарты рәсімдеп қойған жағдайда оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй төлемдер мөлшесі шарттық міндеттемелер толық көлемінде орындалғанға дейін сақталатын болады.

Заң 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгеніне байланысты тұрғын үй төлемдері әскери қызметшілерге осы кезден бастап қайта есептеледі, демек әскери қызметшілердің жеке қаражаттарынан тұрғынжайды жалға алуға жаратқан уақытша шығындары толық өтелетін болады.

Қорыта айтқанда, баспана мәселесін шешудің жаңа алгоритмі әскери қызметшілерге қысқа уақыт ішінде, кез келген өңірде, әрі өз таңдауы бойынша төл баспанасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ Заң департаменті бастығының орынбасары

әділет майоры Н.Жапаров

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК