Әскери патриоттық клубтарда 500 жасөспірім тәрбиеленуде

Әскери патриоттық клубтарда 500 жасөспірім тәрбиеленуде


Бүгінде жастарды әскери патриоттық рухта тәрбиелеу – білім беру үдерісіндегі басым бағыттардың бірі. Тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстан әскері нығайып, күш-қуаты артты. Соның арқасында әскери әлеуетімізді танытар кезең туды.

Мемлекет басшысының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында әскери-патриоттық тәрбиені жандандыруды, әрбір мектепте осы жұмыстарды қолға алуды тапсырғаны да, сондықтан.

Жалпы Жамбыл өңірінде әскери-патриоттық тәрбиенің негізі қаланған. Облыстағы білім беру мекемелерінде оқушылар мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау және дамыту, Отанға деген сүйіспеншілік, жоғары патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында 20 әскери-патриоттық клуб пен үйірме құрылған. Бүгінде онда 500 жасөспірім тәлім алуда. Жолдау жүктеген міндеттер кезек күттірмейтіні белгілі. Сондықтан біз Елбасы тапсырмасын орындау үшін осы клубтардың жұмысын әрі қарай жандандыруды қолға алудамыз.

Әскери-патриоттық клубтарда 5-9 сынып оқушыларынан құрылған кеңес жұмыс істейді. Онда болашақ ұжымдық және әскери-патриоттық жобалар дайындалып, тиісті жұмыстар жүргізіледі. Клубта «Жас мерген», «Жас десантшы» сияқты үйірмелер мен топтар, «Әскери білім тарихы», «Әскери іс», «Жас ұландарды дайындау», мергендер үйірмесі, каратэ, күрес секциялары сынды әскери қолданбалы және спорттық секциялар ашылған.

Жамбыл облысы бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында автоматты шашып жинау, көздеп ату жарысы, гранат лақтыру, кедергілерден газға қарсы маскасымен өту, саптық даярлық сынды түрлі зияткерлік ойындар, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар жүйелі түрде өткізілуде. Солардың қатарында «Десантник» үйірмесін ерекше атап өтуге болады. Аталған үйірменің көпжылдық тарихы бар. Ол 1987 жылдың қаңтарында Тараз қаласының №7 орта мектебінде құрылған. Кейін №41 орта мектептің гимназия болуына байланысты, 1994 жылы қалалық білім бөлімінің қолдауымен үйірме сол білім мекемесінің базасына ауыстырылды.

Клуб тәрбиеленушілері өз өмірін Қазақстан әскерімен байланыстырады. 24 жыл ішінде үйірмеде білім алған 1400 оқушының бірқатары Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Атап айтсақ, Алматы жаяу әскер әскери институтында, Алматы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық әскері әскери институтында, Алматы радиоэлектроника әскери институтында және Ақтөбе әуе күштері қорғанысы әскери институтында, сонымен қатар, Тверь әскери-ғарыш күштері академиясы, С.Петербург әскери-медициналық академиясы сынды білім ордаларында білімдерін жетілдіруде. Сондай-ақ, Қазақстан Қарулы күштері қатарында «Десантник» үйірмесінің үш жүзден аса түлегі қызмет етуде.

Бүгінде спорттық үйірмеде 75 курсант тәрбиеленуде. Курсанттарды даярлауға арналған бағдарламада жалпы физиологиялық дайындық, саптық дайындық, мемлекеттік-құқықтық дайындық, тактикалық дайындық, атыстық дайындық, әскери-медициналық дайындық, әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, Қазақстан Республикасы әскери кафедраларының жарғылары негізге алынады.

         Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарда «Оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені, оның ішінде «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының өңірлік филиалдарын құру арқылы күшейту» тармағы көзделген. Осыған байланысты білім мекемелерінде әскери-патриоттық клубтар, әскери-спорттық үйірмелерін ашу және оларды ұйымдастыру жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

 

Асхат РАЙҚҰЛ


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства