«KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды

Астанада ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық базасында IV  халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды.

Авиациялық базада ту түсіріліп,  «KADEX-2016» көрмесінің жабылуын білдірді. Мыңдаған келушілер, ондаған қол қойылған келісімдер, ашық және жабық алаңдарда ұсынылған әскери техниканың жүздеген үлгілері, қазақстандық және шетелдік фототілшілермен түсірілген мыңдаған түсірілім. Мұның барлығы «KADEX-2016» көрмесі туралы адамдардың есіңде ұзаққа дейін сақталады. 4 күн ішінде қазақстандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің күш-қуаты көрсетілді. Атап айтқанда, ZLIN  оқу ұшақтары, C-295 жеңіл көлік ұшақтары, Су-30 СМ жойғыштары, Ми-171Ш тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, «Арлан», «Барыс» броньдалған машиналары, жаңғыртылған танктер – осының барлығын және көптеген өзге де қызықтарды статика мен іс-қимылда көруге мүмкіндік болды. Одан басқа, көрменің маңызды құрамдасы іскерлік бағдарлама, яки,  халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер болды. Демонстрациялық және іскерлік бағдарламалар негізгі міндетке қол жеткізуге, яғни, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін қарқынды дамытуға, инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Ашық есік күндері, яғни, 4-5 маусымда көрмеге адамдар көптеп шоғырланды.  Қазақстан мен өзге елдердің қорғаныс-өнеркәсібінің әлеуетін көру үшін қонақтар бүкіл отбасы болып жиналды. Егер ересектер экспонаттардың техникалық сипаттамаларын зерделеп, қойылған үлгілерді салыстырса, балалар емін-еркін танктердің, броневиктердің, ұшақтар мен тікұшақтардың шынайы түптұлғаларын тамашалап, рахатқа бөленді. Көрмені тамашалауға ниет білдіргендердің барлығы көрмеге автобуспен келуге мүмкіндіктері болды. Келушілердің қолжетімді бағаға тісбасар жеп, әлденіп алулары үшін буфет және сауда дүңгіршектері жұмыс жасады. Көрме қонақтары үшін орталық әскери оркестрдің музыканттары плац-концерт қойып, құрмет қарауылы ротасы өз өнерлерін ортаға салды.   Іс-шараның ауқымдылығы броньды танкті техника, мейлі, қару-жарақтың өзге де түрлері болсын, олардың пайдалану ғана емес, сонымен бірге жауынгерлік қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"