2016 жылдың соңына дейін 1 600-дан аса әскери қызметшіні баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда

Осы жылдың соңына дейін күрделі құрылыс, күрделі жөндеу және баспана сатып алу арқылы 1 639 пәтер пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұл ретте жалпы ауданы 120 450 шаршы метрлік 1 468 пәтер күрделі құрылыс арқылы тапсырылады. Астана (Қырқыншы ст.), Ақтау, Семей, Алматы қалаларында, сондай-ақ Б.Момышұлы, Сарыөзек, Арнасай кенттері мен Гвардейск қүк. тұратын әскери қызметшілер жаңа жеке баспанаға ие болады. Күрделі жөндеуден кейін 2016 жылы Аягөз қаласында 80 және 60 пәтерлі екі тұрғын үй және Үшарал қ. 19 пәтерлі жатақхана тапсырылатын болады. Сатып алу арқылы Алматы қ. жалпы ауданы 700 шаршы метрлік 12 пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің балансында 19,7 мың пәтер тұр. Баспанамен қамтамасыз етілгенге дейін әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін үстемақы төленеді. Осы мақсаттар үшін республикалық бюджеттен жыл сайын ақшалай қаражат бөлінеді. Қазіргі уақытта бұған қосымша ретінде жалдамалы баспана жаңа тетігі пысықталуда. Мамандандырылған жалдамалы баспана әрі қарай Қорғаныс министрлігінің жеке меншігіне сатып алына отырып, тиісті жалға алу шарты жасалып, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ұсынылады. Осылайша, қызметтік тұрғын үй қоры толықтырылады, ал әскери қызметшілер қызмет орны бойынша лайықты баспана бабымен қамтамасыз етіледі.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"