103 жастағы майдангер


   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің қолбасшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Александрович Верещагиннің шаңырағында болып, қарт жауынгерді 103 жасқа толуымен құттықтады.

Оқ пен от кешіп, талай қырғынды басынан кешірген қария төсек тартып тұра алмай жатқанына қарамастан қонақтармен тілдесті. Ол туған күнімен құттықтап келген әскери қызметшілерге ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Бөлім командирі полковник Сәбит Үркінбаев пен командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Думан Біләлов қып-қызыл қан майдан даласында болып, 103 жасқа жеткен Николай Александрович Верещагинге Жеңіс үшін алғыс айтып, сый-сияпаттарын жасады. Ал, ардагердің қызы жас сарбаздар ауыз тисін деген ниетпен «Туған күніңізбен! 103 жас» тәтті тортын ұсынды.

   Айта кетейік, бұрынғы Семей облысынан майданға 100 мыңға жуық адам аттанды. Семей өңірінде 330-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының, 8-ші атқыштар дивизиясының және көптеген әскери бөлімдердің негізі құрылды. Семейлік 53 адам Кеңес Одағының батыры атанды. 12 адам үшінші дәрежелі Даңқ орденімен, 30 мыңнан астамы орден-медальдармен марапатталды. Майданға кеткен 100 мыңға жуық семейліктің тең жартысы еліне оралмады. Бұл әрбір екінші адам ұрыс даласында шейіт болды деген сөз. 2010 жылы Семей өңірі бойынша Ұлы Отан соғысының 386 куәгері бар еді. Бүгінгі күні бар-жоғы 43 ардагер қалды.

 

Алуа ИСКАКОВА


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи