Қорғаныс зерттеулері бойынша кеңес отырысы

Қарулы Күштердің әскери-ғылыми әлеуетін дамыту бойынша Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасын орындау шеңберінде әскери ведомство басшысының жетекшілік етуімен қорғаныс зерттеулері бойынша кеңестің алғашқы отырысы өткізілді.

Отырыстың негізгі мақсаты қорғаныс зерттеулері бойынша кеңестің жұмыс жоспарын айқындау, Қорғаныс министрлігінің, Бас штабы мен ҚР Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен өтінімдерді бірлесіп талқылау, қорғаныс пен әскери қауіпсіздік саласында зерттеулер бойынша егжей-тегжейлі қарау және шешім қабылдау болып табылады. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар қорғаныс зерттеулерін, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрастыру жұмыстарын іске асыру жөнінде бірқатар шешім қабылдады. Қорғаныс зерттеулері бойынша кеңестің әрі қарайғы жұмысы әскери ведомствоның басымдық, мақсатты және инновациялық технологиялары бөлігінде стратегиялық қорғаныс бастамаларын айқындайтынын айта кету қажет.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана