Оқушыларды Отансүйгіштікке баулыды

Білім күнінің басталуына байланысты мектептерде жаңа оқу жылына орай ерлiк сабақтары өткiзiлді.

Аталған іс-шараға Ақмол ауылында орналасқан №5 орта мектебіне Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44813 әскери бөлімінен капитан Б.Хаметов пен сержант М.Ахетов қатысты. Жалпы, Ерлiк сабағын өткiзудегi мақсат — оқушылардың санасында Отанға деген сүйiспеншiлiк пен патриотизм сезiмiн қалыптастырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарында азаматтық борышын өтеуге ынталандыру.

Биылғы ерлiк сабақтары лекция түрiнде өттi. Қосымша Қарулы Күштерiмiздiң 26 жыл iшiнде қол жеткен жетiстiктерi жайлы бейнефильмдер көрсетiлдi. Бұдан өзге, оқушылар Қазақстан тарихында айтулы күндердің мағынасын ашатын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда қоғамдағы ұлтаралық келісіммен, ел тарихымен, мемлекеттік рәміздермен, Конституциямен танысты.

Майор Нұржан Сыздықов

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"