Бітімгершілік оқу-жаттығуы

Бес елдің бітімгершілері бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұру жөніндегі операцияда бірікті.

«ҚАЗБАТ» қазақстандық бітімгершілік батальоны бұл күндері Америка Құрама Штаттарындағы Оңтүстік Каролина штатының «МакКрейди» полигонында бастау алған «Дала қыраны-2018» тактикалық арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысуда. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты БҰҰ-ның стандарттарына сәйкес бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларда бітімгершілік тапсырмаларды пысықтау болып табылады. Ұлыбритания, Қазақстан, АҚШ, Тәжікстан мен Өзбекстанның әскери қызметшілері бөлімшелерді басқаруды, халықаралық контингенттердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ көпұлтты штабтарда қолданылатын штабтық процедураларды өткізу бойынша мәселелерді бірлесіп пысықтайды.

«Дала қыраны» оқу-жаттығуы 2003 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Ал 2012 жылдан бастап «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы шеңберінде өтуде. Оқу-жаттығуға дәстүрлі түрде халықаралық сарапшылар мен әскери бақылаушылар, сондай-ақ әскери-дипломатиялық корпус тартылады. Оқу-жаттығу ағымдағы жылғы 23 тамызға дейін жалғасады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"