IV халықаралық олимпиадасының кезекті кезеңі өтуде

 IV халықаралық олимпиадасының кезекті кезеңі өтуде

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің 2014 жылғы 4 шілдедегі шешімімен 2015 жылдан бері тұрақты түрде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының халықаралық олимпиадасы өткізіліп келеді.

ТМД қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы – Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы С.Шойгу мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С.Жасұзақовтың тікелей жетекшілігімен әскери-оқу орындары офицерлік құрамның сапалы дайындығына үлкен көңіл бөледі.

2017 жылдың 10-13 сәуірі аралығында алғаш рет Қазақстан Республикасында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен III Халықаралық олимпиадасы өткізілген.

2018 жылдың 2-6 сәуірі аралығында, яғни осы аптада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен IV Халықаралық олимпиадасы РЭжБӘИИ базасында екінші рет ұйымдастырылуда. Бұл – ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің тарапынан және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі тарапынан ҚР Қорғаныс министрлігіне көрсетіліп отырған үлкен сенімнің және былтырғы Олимпиаданың өте жоғары деңгейде өткізілгендігінің айғағы.

Халықаралық сенімді арттырып, достық қатынасты дамытуға және ТМД қатысушы мемлекеттердің әскери жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру саласындағы тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін осы ауқымды шараға қазылық етуге ТМД қатысушы мемлекеттерден келетін командалардың жетекшілері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бейіндік ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері мен азаматтық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының математика саласындағы аса тәжірибелі мамандары қатысты.

Халықаралық олимпиадаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 7 елінен: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы командалар келді.

Олимпиаданың жабылу салтанатына Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің және білім беру мекемелерінің лауазымды тұлғалары мен БАҚ өкілдері қатысады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства