Үздік сержанттар байқауы

    Құрлық әскерлері әскери бөлімдері мен құрамалары үздік сержанттарын анықтады. Тамыз айының 13-16 аралығында 68665 әскери бөлімінің базасында үздік сержанттарды іріктеу туры өтті. Үш күнге созылған сайысқа Құрлық әскерлеріне тікелей бағынысты Астана, Алматы, Отар, Талдықорған, Сарыөзек сынды әскери бөлімдерден 30-ға жуық сержант келіп қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша 30 адамның ішінен 5 үздік әскери қызметші іріктелініп алынды. Ол үздік сержанттар ҚР Қарулы Күштері ауқымында өтетін сайысқа қатысатын болады. Сонымен олар кімдер? Байқау қорытындысы бойынша «Үздік бөлімше командирі» номинациясын 68665 әскери бөлімінің сержанты Е.Бекболатов, «Үздік взвод сержанты» номинациясын 68665 әскери бөлімінің взвод сержанты аға сержант К.Нұрбергенов, «Үздік рота сержанты» атағын Құрлық әскерлері Әскери институтының 2-сыныпты сержанты А.Досов, «Үздік батальон сержанты» номинациясын 68665 әскери бөлімінің 3-сыныпты сержанты Н.Муфтуллаев және «Үздік бригада сержанты» номинациясын 68665 әскери бөлімінің 1-сыныпты сержанты Т.Досов жеңіп алды. Байқау жеңімпаздарын ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшылығы құрмет грамоталарымен марапаттады.

Жалпы, мұндай байқаулар Қазақстанның Қарулы Күштерінде жиі өткізіліп тұрады. Жауынгерлік даярлық, сондай-ақ бөлімшелерде жеке құрамды оқытуды ұйымдастыру мәселелерінде әскери қызметшілердің теориялық білімдерін тереңдету үшін сайыстың 2010 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп отыруы бүгінде дәстүрге айналып отыр. Байқау барысында сержанттар «Қайсар» әскери-спорттық сайысында, «Денсаулық» әскери-медициналық дайындықта, «Мерген» атыс даярлығында, «Бағдар» жерді бағдарлау мен топографиялық карталармен жұмыс жасау, «Қорғау» радиациялық, химиялық, биологиялық заттардан қорғануда, «Білімпаз» білім сайысында, «Барыс» қоян-қолтық ұрыс және «Сері» әдеби-көркем сайысында бақ сынасты.

«Байқауға қатысатын әскери қызметшілер дене, атыс даярлығы, әскери топография, кедергілерден өту, компаспен бағыт бойынша жүру, жарақаттанған әскери қызметшіні таңу, білімін көрсететін өнерін көрсететін «Сері» сынды жалпы саны 9 сайыс бойынша жарысты. Дайындықтары өте жоғары. Жылда өткіземіз. Биыл әскери қызметшілер ерекше дайындықпен келген. Әсіресе, атыс дайындығын жоғары деңгейде көрсетті»,- дейді Құрлық әскерлерінің сержанттар құрамымен жұмыс жасау бөлімінің нұсқаушы штаб сержанты Авархан Казми.

Жалпы байқауға әр әскери бөлімнен 5 адамнан келіп қатысты. Атап айтқанда, өз әскери бөлімдерінің ішінен іріктеліп келген үздік бөлімше командирі, үздік рота сержанты, үздік взвод сержанты, үздік батальон сержанты және үздік бөлім сержанты. Солардың бірі – жарысқа үмітін үкілеп келіп, «Үздік бригада сержанты» номинациясын жеңіп алған 68665 әскери бөлімінің 1-сыныпты сержанты Таир Досов. «4 бригада арасында осымен 3 күн болды қызу сайыс өтті. Қарсыластарымның дайындығы өте жоғары, олармен сайысқа түсу оңай болған жоқ. Дегенмен жоғары дайындықпен келгенімді дәлелдедім», - дейді сержант.

Жалпы бір мамандықтың әскери қызметшілері арасындағы жарыс кәсіби тұрғыда өсуге және ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің сержанттар және командирлер құрамын дайындау деңгейін жалпы көтеруге ықпал етеді.

                                                                                  Меруерт САФАЕВА

                                         Суреттерді түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕНОВ



 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"