Үміткерлерді әскери патриоттық рухта тәрбиелеу

Үміткерлерді әскери патриоттық рухта тәрбиелеу

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен бекітілген «Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі  әскери полициялардың бөлімшелеріне мамандар даярлау үшін құрылған, заңды тұлғалық мәртебесі бар ұйымдастырылған-құқықтық үлгідегі мекеме болып табылатындыға баршамызға аян.

Оқу орталығы әскери қызметке түскен азаматтарды және басқа әскери бөлімдер мен мекемелерден қызметтерін ары қарай өткеруге келген әскери қызметшілерді қайта даярлауға және әскери полиция офицерлерінің тәсілдері мен білімдерін жетілдіре түсуге, сонымен қатар болашақтағы әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің саптарын толықтырушы үміткерлерімізді әскери патриоттық рухта тәрбиелеуге де атсалысатындығын атап өткен жөн.

Осы аталған орталықтан білім нәрімен сусындап, тәжірибе алуға келген тыңдаушыларымызға білікті білім беріп, оларды Отанға деген сүйіспеншілікке, халыққа деген елжандылық сезімге және Президентке деген адалдыққа тәрбиелеп шығару – біздің парызымыз.

Оқу орталығының қабырғасында білім алушы үміткерлеріміздің демалыс және демалыс алды күндерін, яғни бос уақыттарының маңызды өтулеріне назар аударылып, егеменді еліміздің жүрегі болған аяулы астанамыздың шұрайлы жерлеріне саяхаттаумен қатар, өскелең ұрпақты елжандылық сезімге тәрбиелелеп, рухани жаңғыру мағынасын бойларына әсерлі сіңіру мақсатында жексенбі күннің жоспарларына сәйкес мәдениетті іс-шаралар жүзеге асырылып тұрады.

Атап айтқанда, осы уақытқа дейін оқу орталығының қабырғасында білім алған тыңдаушыларымыздың санасына сіңіру мақсатында Бейбітшілік пен Абай көшелерінің әрін берген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы, сол жағалаудың сәнін берген «Назарбаев орталығы» және қаламыздың Республика даңғылының басында ойып тұрып орын тепкен, бағзы заманғы батыр бабаларымыздың аңыз болып сақталып, жыр болып жатталған ежелгі тарихынан тартып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріміздің аяққа тұруынан бастап, заманауи дамуына дейін баяндап, сыр шертетін «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына» шеккен сапарларымыз өзінің лайықты әсерін береді деген үкілі үмітіміз де жоқ емес.

Жақында оқу орталығына аяқ басқан үміткерлерімізді егеменді еліміз –тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс саласының аяқтан тұрып, алға басып, дами түсуіне Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жігерлі жетекшілігімен ерен еңбек еткен аптал азаматтарымызды, еліміздің нағыз ерлерінің ерлікке пара-пар қызметтерін ұқтырып, оны өскелең ұрпаққа, ізбазар жеткіншектерімізге жеткізіп отыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына сапар шеккен болатынбыз.

Ұлттық әскери патриоттық орталығының мұражайын аралау барысындағы жолбастаушының сонау ежелгі заманнан қалыптасқан қазақ халқының батырлық ерліктері мен жаугештіліктері және аттары аңызға айналған тарихи тұлғаларды тереңнен толғап, көз алдыңа алып келгендей әсерлі әңгімелеуінен кейін халқымыздың дәл сондай білікті азаматтарына алғыстан басқа айтарың қалмайды екен...

Айтулы іс-шаралар барысында үміткерлер үлкенге – құрмет, кішіге –өнеге болған айтулы тұлғалар жайлы аңыз-әңгімелер тыңдаумен қатар, сәуір айының 22-ші жұлдызында 22-ге толатын Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери полиция органдарына арналған арнайы көрменің куәсі болып қайтты. Онда өскелең ұрпаққа Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери полиция органдарының аяқтан тұруы мен құрылу кездері жіті түсіндіріліп, жастарымыз патриоттық орталықтан жігерлі көңілмен оралды.

 

Марат Турабаев

Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи